ШЫМКЕНТ: ДЕРБЕС САРАПШЫЛАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮШ ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «МӘМС жүйесінің шеңберінде атқарылған жұмыстар, оң нәтижелер мен жетістіктер» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ізбасарова Арапкүл Өскенбайқызы, «Шымкент қаласының және Түркістан облысының жеке меншік клиникалар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, м.ғ.к. Маймақов Әнуарбек Әбдібекұлы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі, Денсаулық сақтауды дамыту кеңесінің төрағасы, «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, профессор Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4 қалалық емханасының бас дәрігері Бекбауова Айгүл Жақыпқызы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үш жылда жеткен жетістіктерін баяндаған медицина саласының сарапшылары осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын да ортаға салды.
«Сұранысқа жиі ие консультативтік-диагностикалық қызметтер (КДҚ) мен қымбат тұратын КТ/МРТ -нің тұрғындарға қол жетімділігі 2021-2022 жылдармен салыстырғанда 1-5 күнде жасалып, 10 күннен артық күттіру 9% дан 2 % -ға төмендеді.
Амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (АЛО) 2,6 есеге өсті, яғни, 2019 жылы 49 нозология бойынша дәрілер берілген болса, 2023 жылы 131 нозология бойынша тегін дәрілер берілуде», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалы директорының орынбасары А.Ізбасарова.
«Мен дербес сарапшы ретінде денсаулық саласының тарихын жақсы білемін. Денсаулық саласы басқа да салалар сияқты көптеген өзгерістерден, реформалардан өтті. Ондағы мақсат біреу: Медициналық қызметке тұрғындардың қолжетімділігін арттырып, халық денсаулығын жақсарту. Ол реформалар өз жемісін әкелмей коймады.
МӘМС жүйесі ендірілгеннен бері, яғни 2020 жылдан бастап медициналық қызметке бөлінетін қаржы көзі екеу болды, бұған дейін Республикалық бюджеттен бір ғана Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) қаржы қарастырылса, енді оған қосымша МӘМС пакетінен қаржы қарастырыла бастады.
Медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарының тарифтері, оның ішінде медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы өсті. Атап айтсақ, 2019 жылы дәрігердейдің орта жалақысы 169 039,2 теңге болса, 2023 жылы 455 410 теңгеге дейін көтерілді. Орта буын медициналық қызметкері 2019 жылы 111 967,4 теңге алса, 2023 жылы орташа есеппен 245 063 теңге алып отыр»,- деген «Шымкент қаласының және Түркістан облысының жеке меншік клиникалар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, м.ғ.к. Ә.Маймақов, 15 әлеуметтік топтарды қоспағанда барлық тұрғындар денсаулығын сақтандыруға міндетті екендігін нақтылап өтті.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің, дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтардың медициналық сақтандыру қорына төлеген жарналары халық денсаулығына жұмалалуда. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, бұған дейін тұрғындардың ала алмай жүрген қызметтерге қолы жетті, қымбат тұратын КТ, МРТ, ПЦР сияқты тексерулер тегін көрсетіле бастады.
Айта кету керек, жылдан жылға медицинаға бөлінген қаржы көлемі көбейіп, медициналық ұйымдар арасында конкуренция дамып келеді. 2021 жылы Шымкент қаласында 116 медициналық мекеме қызмет көрсетсе, қазіргі таңда олардың саны 183 жеткен (бұл туралы ақпаратты fms.kz сайтында көруге болады). Оның ішінде, мемлекеттік мекеме саны 34 (18%), жеке меншіктегі медициналық мекеме 149, яғни 82%-ды құрап отыр.
«Дөңгелек үстел» отырысының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Азамат Алимбетов

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
14 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
2024 ЖЫЛДЫН 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 3-КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
08 Желтоқсан 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОЗЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ АВТОМАТТЫ АНАЛИЗАТОР ОРНАТЫЛДЫ
Комментарии (0)