ШЫМКЕНТТЕ 16 ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚЫЗЫЛШАҒА ЖАППАЙ ИММУНДАУ БАСТАЛДЫ
Бүгін Ақпараттық- коммуникациялық орталықтың баспасөз алаңында Шымкент қаласында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталғандығы жөнінде БАҚ өкілдерімен конференция болып өтті.
Баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сәуле Сансызбайқызы: « 2023 жылдың 16 қарашасынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға жаппай иммундау басталды. Жаппай иммундауға 6 айдан бастап 11 ай 29 күнге дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері жатады», - деп атап өтті.
Қызылшаға жаппай иммундау жергілікті емханаларда тегін жүргізіледі. Иммундау процесін өткізу үшін 187 егу пункті ұйымдастырылды және 49 көшпелі егу бригадасы жасақталды.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіштер бойынша – 24 836 контингент, яғни жалпы жоспардың 21,0% көрсетеді. Қазақстан Республикасы бойынша ҚЖИ вакцинаның – 9,0% егілді. Бұл ретте жоспарлы вакцинация жалғасуда. 15 желтоқсанда вакцинаның қосымша жеткізілімі күтілуде. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай қатаң бақылауда.
Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы – 8 жағдай, 2019 жылы – 3091 жағдай, 2020 жылы – 873 жағдай тіркелсе, 2021 және 2022 жылдары қала бойынша қызылша ауруы тіркелген жоқ.
Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 194 пациент, оның ішінде 29 ересек, 165 бала стационарлық ем алуда, науқастардың жағдайлары тұрақты.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға күдіктенудің 6641 жағдайы тіркелді, 3021 жағдайда диагноз расталды (42,2%). Науқастардың ішінде балалар 84% құрайды, олардың 88%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Шымкент қаласының тұрғындары арасында қызылшаның таралуына жол бермеу мақсатында келесідей іс-шаралар жүзеге асырылуда:
- Қызылшамен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу бойынша 2023 жылғы 1 қыркүйекте арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді;
- Шымкент қаласында қызылшаның одан әрі таралуын азайту және алдын алу бойынша қалалық штаб құрылды. Бүгінгі күнге дейін штабтың 10 отырысы өткізілді;
- Шымкентте эпидемиологиялық ахуалды, қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуын күнделікті мониторингтеу және бағалау қамтамасыз етіледі;
- ДСМ бас инфекционистерінің қатысуымен қызылша, қызылшаға қарсы вакцинация бойынша іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін оқыту бойынша 7 семинар өткізілді (1142 медицина қызметкері, 175 кіші медицина қызметкері оқытылды);
- 28.08-30.08.2023 жылы Қазақстандағы ДДҰ өкілінің, Қазақстанның 7 облысынан келген эпидемиологтардың, ДСМ, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген эпидемиологтардың қатысуымен қызылшаның таралу қаупін бағалау бойынша халықаралық тренинг өткізілді;
- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қоры қызылшамен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 120-дан 240 төсекке дейін ұлғайтылды;
- Қажет болған жағдайда, гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының базасында карантиндік емес инфекциялармен ауыратын науқастарды қабылдау үшін 60 төсек ашу мәселесі қосымша пысықталды;
- Практикалық көмек көрсету мақсатында ЖББ қабылдау бөлімшесінде кезекші дәрігерлер саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, пациенттерді қабылдауға күн сайын қаланың емханаларынан 2 дәрігер қатысады;
- Балаларды жоспарлы вакцинациялау жүргізілуде (1 жаста және 6 жаста), барлығы 1 жастағы балаларды қамту 89,4%, 6 жастағы балаларды қамту-88,6%, жоспар 81,0-83,0%;
- Қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты халыққа қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін 15 774 ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 675 дөңгелек үстел, 18 430 аула аралау өткізілді.
Бұдан басқа, «Шымкент қаласында қызылша бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау басқармасының 13.10.2023 ж. №268 бұйрығы шығарылды. Нәтижесінде:
- медициналық көмек көрсету сапасы және қызылшамен сырқаттанушылықты төмендету бойынша жұмыстар күшейтілді;
- күнделікті аулаларды аралау, қызылшаға күдікті пациенттерді белсенді анықтау, үйде қызылшамен ауыратын науқастарға активтер жүргізу сапасы жақсарды;
- пациенттерге күнделікті медициналық бақылау жүргізіледі;
- қызылшаға күдікті пациенттерге қызмет көрсету бойынша мобильді бригадалардың жұмысы күшейтілді;
- үйде стационарлар ұйымдастырылды, көрсеткіштер бойынша қызылшаның жеңіл түрлерін емдеу жүргізіледі, содан кейін пациенттердің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
29 Қараша 2023, Сәрсенбі
ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ- ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА ТОСҚАУЫЛ БОЛАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ
Комментарии (0)