ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Көптеген қала тұрғыны пәтерлерінің жақсы жылымауына байланысты жылу тарататын орталықтардың қызметіне шағымдануда. Осыған орай аталған шағымдар негізінде шақыртуларға барған мамандар пәтердегі жылудың мардымсыз болуының негізгі себептерін анықтады.
Айта кететін жайт, көбіне шағым түскен барлық көпқабатты тұрғын үйге мамандар тарапынан жүргізілген тексеру барысында біраз пәтер иесі жылыту батареясының крандарын ағытып, ауа шығармаған. Сондай-ақ тұрғын үйдің кіре берісіне дейін жылу қалыпты келіп тұрғанымен, пәтер иелері осы жерлердегі крандарын жауып қойған. Соның салдарынан пәтерлерге қалыпты жағдайда жылу келмей отыр.
Сондықтан мамандар пәтер иелеріне жылудың мардымсыз болуының негізгі себептерін айтты.
Олар:
– Жылыту жүйесінде ауаның болуы;
– Ішкі жылу жүйесі реттелмегендігі;
– Тік құбырлар мен жылыту құрылғыларының бітелуі;
– Шүмектің (элеватор торабындағы дроссельдік құрылғысы) бітелуі;
– Тік құбыр бойынша тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесінің өзгеруі (жылыту құрылғыларын ауыстыру және т.б.) және басқа да себептер.
Жоғарыда аталған себептерді жою үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:
– Ауаны шығару (әдетте радиаторда майевский клапаны бар) қажет;
– Үй ішіндегі жылу жүйесін реттеу қажет;
– Тік құбырды тазалау немесе ауыстыру қажет;
– Элеватор қондырғысындағы шүмекті тазалау қажет;
– Тұрғын үйдегі жылу жүйесінің тұтастығын қалпына келтіру қажет.
Құрметті қала тұрғындары, алдымен, жоғарыда көрсетілгендей пәтеріңізде болуы мүмкін олқылықтарды мұқият қарап, аталған шараларды орындап, нәтижесі болмаған жағдайда тиісті мамандарды шақыртуларыңызды сұраймыз. Себебі әрбір шақырту шығыны қала бюджетінен қаржыландырылатынын ескертеміз!
Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру қызметі жауапты мекемелердің бақылауында. Сонымен қатар, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған жайттармен толық танысып, тұрғындарға жылу беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
17 Қазан 2023, Сейсенбі
Суық болғандықтан, көп қабатты үйлер 20.10-дан бастап орталық жылытуға қосылмаған
04 Қырқүйек 2023, Дүйсенбі
Тұран ауданы: 310 көпқабатты үйде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)