КҮШТІ АЙМАҚТАР – ҚУАТТЫ ЕЛ: ШЫМКЕНТ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2 БӨЛІМ
Бүгінгі таңда 5 өндіріс орнында 273 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ, 867 гектар аумақты құрайтын 5 жаңа өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде, бұл қаланың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды және агроөнеркәсіптік аймақтарына қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде.
Оң динамика өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. 2023 жылы 8 жоба жүзеге асырылып, 443 жұмыс орны ашылды.
Көлік инфрақұрылымы да жергілікті биліктің назарында. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылдың соңына дейін Шымкенттегі жақсы және көңілге қонымды жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізіледі.
Қазақстанда алғаш рет жол төсеміне қатысты жаңа технологиялық жоба Шымкентте жүзеге асырылуда. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қайта өңдеу әдісімен қара жолға жол жамылғысы төселуде. Мамандардың айтуынша, жаңа тәсіл тиімдірек және жол төсемінің сапасы мен беріктігіне оң нәтиже береді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы көп жылдардан бері келе жатқан асфальтсыз жолдардың өзекті мәселесі шешілетін болады.
Сондай-ақ, мегаполис көшелеріндегі кептелістерді жою мақсатында 150 көше қиылысында көлік қозғалысын автоматты түрде реттеп, бағдаршамның жұмысын оңтайландыратын заманауи интеллектуалды көлік жүйесі енгізілген.
Сонымен қатар, жолаушыларды сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Теміржол вокзалын қайта құру жолаушылар өткізу қабілетін арттырады. Екі нысан да жеке инвесторлардың қатысуымен салынып жатыр.
Шымкенттегі маңызды мәселелердің бірі – халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету. Биылғы жылы 2 магистральдық газ құбыры мен 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде табиғи газбен қамту 94 пайыздан 96 пайызға дейін артады.
Қала билігі баспана мәселесін шешуде бармағын тіктеді. Осылайша, 2023 жылдың соңына дейін қалада 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың бағасын төмен ұстау. Бұл көрсеткіш – азаматтардың көңіл-күйінің өзіндік барометрі. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкенттегі 100 сауда орнында ең қажетті азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Жыл басынан бері 402-сі өткізілген азық-түлік жәрмеңкесі қаладағы халық ең көп шоғырланған 8 елді мекенде ұйымдастырылған.

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)