КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Шымкент қаласының № 9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірқатар мәселе көтерілді. Қала әкімінің назарын ғимараттың шатырынан өтіп жатқан су, қабырғаларды жаңарту, бейнекамералар орнату және жылу мәселесіне аударды. Қазіргі уақытта спорт мектебінде оқу тобының саны 51, ал жаттығатын шәкірт саны 400-ге жетіп отыр. Спорт кешенінде 4 жаттығу, 750 орындық жарыс және хореография залдары бар.

Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Қаратау ауданындағы соңғы көшпелі жүздесуде қала әкімі жеке инвестордың қаражатына салынған «Сарыбай» спорт кешенін аралап, Шапырашты елдімекені тұрғындарының мәселесімен танысты. Халық аталған аумақта табиғи газ қысымы төмен екенін жеткізіп, жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруға ықпал етуді сұрады. Оған қоса, «Сарыбай» спорт комплексі ертерек іске қосылса деп өтініш білдірді. Бұл кешенде қазақ күресі, дзюдо, бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, спорттық гимнастика бағыттары қамтылып отыр. Мұнда Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу және Көктерек елдімекендерінен 1 000 балаға дейін жаттыға алады.
Тұрғындардың өзекті мәселелерімен етене танысқан қала әкімі халықтың өтініш-тілектері орындалатынын айтып, барлығы заң шеңберінде шешілетінін жеткізді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)