Шымкент қаласының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен қабылданған шаралары қаланың дамуына және тұрғындардың өмір сапасының артуына оң ықпал еткенін көрсетеді.
Шымкент қаласының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен қабылданған шаралары қаланың дамуына және тұрғындардың өмір сапасының артуына оң ықпал еткенін көрсетеді. Қазақстан Президентінің елдің өнеркәсіп әлеуетін арттыру мен әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударуын ескере отырып, Шымкентте нақты істер атқарылуда. Қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 6,9% өсті.

Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2024 жылға 21,8 млрд теңге қаржы бөлініп, құны 14,1 млрд теңге болатын 3664 жобаға қолдау көрсетілді.
2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 132,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. Жалпы, жыл басынан бері 3 656 жаңа шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ашылған.
Сонымен қатар 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік арқылы өндірілген өнім көлемі 699 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артқан.
Шымкенттің өнеркәсіп саласы да өз қарқынын сақтап, өндіріс көлемі артты. Бұл қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді, алайда жаһандық экономикалық ахуал мен шикізат бағаларының өзгеруі сияқты сыртқы факторлар өсу қарқынының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Алайда, қала басшылығының стратегиялық бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан реформалар Шымкенттің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, оның Қазақстанның жетекші өңірлерінің бірі болуына мүмкіндік береді.
Қала экономикасының маңызды салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік қызметі мен инвестиция көлемі тұрақты түрде өсуде. Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылым жақсарып, жаңа бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсету, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін қолданылып жатқан шаралар басты орын алады.
Қала экономикасын әртараптандыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы Шымкент өзінің индустриалды әлеуетін арттыруда. Түрік компаниясының жылыжай кешеніне тартылған инвестициялар қалаға мыңдаған жаңа жұмыс орындарын әкеліп, аймақтық экономиканың дамуына зор үлес қосатын болады.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылуы жеңіл өнеркәсіптің дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық мақтаның тұтыну үлесін арттыру мен қосылған құны жоғары дайын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға ықпал етті.
2019 жылы «Тассай» индустриялық аймағында машина жасау саласында Орта Азияда баламасы жоқ жалпы құны 20,1 млрд теңгені құрайтын «Asia Trafo» ЖШС-ның трансформатор зауыты құрылды. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі кілем өндіретін зауыт «Бал Текстиль» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жобасын сәтті іске асырып келеді. Одан бөлек, «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан «QazAlpack» зауыты – Орталық Азиядағы алюминий банкаларын өндіру бойынша бірегей жобаны іске асырған алғашқы компания.
2024 жылы ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2253 млн теңге қарастырылды, оның ішінде 1414,3 млн теңге игерілді. Зейнет жасындағы азаматтар үшін емдеу-сауықтыру шараларына 660,9 млн теңге қаралды, оның 257,8 млн теңгесі игерілді.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 34 662 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін МАӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен отбасының әр мүшесіне белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүйесі, оның ішінде көп балалы отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету мақсатында ауқымды жұмыс атқарылды. 2024 жылы 403 мың адамға АӘК тағайындалып, бюджеттен 54,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, еңбек нарығында белсенді шаралар жүргізіліп, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке ынталандыру бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Қалада цифрлық жүйелердің дамуы да көрініс тапты, атап айтқанда, автосақтандыру жүйесі мен Еурохаттама мобильдік қосымшасы арқылы төлемдердің жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, шығындарды азайтуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етуде.
Жалпы, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және әлеуметтік саланың әлеуетін нығайтуға бағытталған. Шымкент қаласының 2024 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасып отыр.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)