Байланысқа арналған телефондар:
» » 7) Түркістандық басшылар дүкен аралап, бағаны бақылауда

7) Түркістандық басшылар дүкен аралап, бағаны бақылауда

24 Қантар 2025, Жұма
1 519
0
Түркістандық басшылар дүкен аралап, бағаны бақылауда

  Түркістан облысында азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында айтарлықтай шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров көкөніс сақтау қоймаларын аралап, азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауды қатаң тапсырды. Осыған орай, өңір тұрғындарына арзандатылған азық-түлік ұсыну үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, облыс әкімі дүкендерді аралап, бағалардың нақты жағдайымен танысуды тапсырды.
  Қазіргі таңда Түркістан облысының көкөніс сақтау қоймаларында мол қор бар: 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат және 200 тонна бакалеялық өнімдер сақталуда. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының арсеналында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Бұл шаралар ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге және нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
  Әлеуметтік маңызы бар өнімдер, әсіресе картоп, бағаларын тұрақтандыру үшін базарлар мен ірі сауда орындарында 100 теңгеден сатылып жатыр. Бұл шаралар облыс тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға, баға өсімін тежеуге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать