ШЫМКЕНТ: «САРЫБАЙ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ 1 МЫҢ БАЛАҒА ДЕЙІН ЖАТТЫҒА АЛАДЫ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шапырашты елдімекенінде жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынған «Сарыбай» спорт кешенін аралады. Жаңа спорт комплексінің жалпы алаңы 2 260 шаршы метрді құрайды. Кешенде 4 спорт зал – үлкен зал, бокс залы, жаттығу залы және зияткерлік ойындар залы қамтылған. Бейнебақылау, тексеру бөлмесі, медициналық кабинеті бар. Ұл-қыздарға арналған 14 арнайы жуынатын, киім ауыстыратын және жаттықтырушыларға бөлмелер қарастырылған. Аталған кешенде қазақ күресі, дзюдо, бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, спорттық гимнастика бағыттары қамтылады. Мұнда Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу және Көктерек елдімекендерінен 1 000 балаға дейін жаттыға алады.
Қала әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, бұқаралық спортты дамытуға атсалысып отырған кәсіпкерге жан-жақты қолдау білдіретінін жеткізді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






