ШЫМКЕНТТЕ КҮРДЕЛІ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА
Заманауи талаптарға сай жабдықталған № 2 ауруханада бірігей оталарды жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған. Қазір мұнда күрделі операциялар ангиограф құрылғысымен жасалуда. Арнайы іс шаралар нәтижесінде жергілікті мамандар тың әдістерді меңгеруде.
Ауруханада қала бойынша нейрохирургия қызметінің жетекшісі, PhD докторы Еркін Метедовтың жүргізуімен күрделі нейрохирругиялық оталар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бас-ми ісігі, бас-ми тамырларының аневризмасы, эпилепсия, паркинсон диагноздары қойылған науқастарға эндоваскулярлы ем-шаралармен қатар, ашық нейрохирургия операциялары істелінеді. Тәжірибелі дәрігер-нейрохирургке еліміздің өзге өңірлерінен, тіпті Тәжікстан мен Өзбекстаннан науқастар келіп, емделуде. Алтын қолды хирург арнайы шақыртумен шет елдерде күрделі оталарды жасау бойынша тәжірибесімен бөлісуде.
«Кешенді жоспарлар аясында медициналық туризмді дамытуда тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Бұл ретте білікті мамандарымыз да, қажетті құрал жабдықтар да дайын. Қала тұрғындарына енді нейрохирургиялық операциялар үшін шет мемлекеттерге барудың қажеті жоқ. Е. Медетов, Н. Қарабаев бастаған халықаралық деңгейдегі мамандар тобы инсульт және басқа да ауруларды МӘМС жүйесінде жолдама арқылы тегін емдейді», – деп, аурухананың бас дәрігері Б. Позилов өз пікірін білдірді.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат

Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Похожие материалы:

11 Қантар 2024, Бейсенбі
ҚАЛА ӘКІМІ САПАСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН МЕРДІГЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Комментарии (0)