КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ОҢТАЙЛАНЫП, КӨШЕЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ
Қазіргі уақытта көлік қозғалысын оңтайландыру мақсатында Темірлан тас жолының қиылысында Алпысбаев және Бәйдібек би көшелерін тікелей жалғауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба іске асырылғаннан кейін аталған қиылыста көлік қозғалысы реттеліп, тікелей бағытта қозғалуға мүмкіндік туады. Яғни, толыққанды көше қиылысы пайда болады.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшыларымен бірге нысанға арнайы барып, жобаны пысықтады.

Алпысбаев және Бәйдібек би көшелерінің Темірлан тас жолында қиылысу орны симметриялы болмауына байланысты аталған аумақта көліктердің қозғалысына қолайсыздықтар туындауда. Осыны ескерген Ғабит Әбдімәжитұлы тиісті басқарма басшысына көшелердің қиылыстарын сәйкестендіру мақсатында жобалау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, құрылысын бастауды жүктеді.
Қала басшысы Ұлағат шағын ауданында болып, кәріз жүйелері тартылған көшелерді бақылады. Жергілікті тұрғындар құбыр жүйесінен кейін көшелердің қалпына келтірілмегеніне наразылық білдірді. Қала әкімі халыққа оңтайлы жағдай жасау үшін ауа-райының қолайлы мезгілінде ақауларды қайта қалпына келтіру бойынша тапсырма берді.
Аралау барысында Теріскей шағын ауданындағы Ақшатау көшесіндегі жол мәселесі назардан тыс қалмады. Қала әкімі жауаптыларға осы жылдың ішінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшыларымен бірге нысанға арнайы барып, жобаны пысықтады.

Алпысбаев және Бәйдібек би көшелерінің Темірлан тас жолында қиылысу орны симметриялы болмауына байланысты аталған аумақта көліктердің қозғалысына қолайсыздықтар туындауда. Осыны ескерген Ғабит Әбдімәжитұлы тиісті басқарма басшысына көшелердің қиылыстарын сәйкестендіру мақсатында жобалау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, құрылысын бастауды жүктеді.Қала басшысы Ұлағат шағын ауданында болып, кәріз жүйелері тартылған көшелерді бақылады. Жергілікті тұрғындар құбыр жүйесінен кейін көшелердің қалпына келтірілмегеніне наразылық білдірді. Қала әкімі халыққа оңтайлы жағдай жасау үшін ауа-райының қолайлы мезгілінде ақауларды қайта қалпына келтіру бойынша тапсырма берді.
Аралау барысында Теріскей шағын ауданындағы Ақшатау көшесіндегі жол мәселесі назардан тыс қалмады. Қала әкімі жауаптыларға осы жылдың ішінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Қошанов Ерлан Жақанұлының XXVI АМАНАТ партияның съезінде айтылған сөздері
12 Маусым 2026, Жұма
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
12 Маусым 2026, Жұма
12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом
12 Маусым 2026, Жұма
Похожие материалы:
07 Қантар 2024, Жексенбі
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ЖОЛ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Комментарии (0)





