ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. Бұл жолайрық - қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде - Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде - Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде - оң, жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.
Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Айта кетейік, 15 мамырда халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса жол құрылысы жұмыстарына тек алпауыт монополистерді ғана емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажеттігіне тоқталды.
Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды.
Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысында жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды тапсырды.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)