Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

23 январь 2024, Вторник
1 588
0
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшыларымен бірге  Шымкент Сити шағын ауданындағы саябақтың құрылыс жұмыстарын бақылады. Мұнда 3 аумақта саябақ салу жоспарланған. Бірінші аумақ 18 гектар, екінші 20,4 гектар, үшінші 6,9 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта 18 гектар аумағына инженерлік инфрақұрылымдық жүйелер толық жүргізілген. Ал 20,4 гектар аумақтағы құрылыс жұмыстары жалғасуда. Саябақты көгалдандыру алаңы – 128 036 шаршы метр, мұнда 40 балалар ойын алаңшасы, 19 спорт алаңы орналасады. Жобада 2,8 шақырымдық веложол, жүгіру жолақтары және жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті мен 7 мыңнан аса гүл егу жоспарланған. Өндірістік кестеге сәйкес нысан биыл  пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ қала басшысы Шымсити шағынауданынында бой көтерген Конгрес-холл ғимаратын аралап, атқарылған жұмыстарды қадағалады. Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылуда. Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда. Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді.       
Қала әкімі жауаптыларға нысандарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. 

Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать