Қайнарбұлақ тұрғын алабынның жаңақұрылыс аймағында ауыз су құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталды
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов айтты.«Бүгінде Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылған, пайыздық көрсеткіш 96,2% құрап отыр.
Қазіргі таңда Қайнарбұлақ тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағына ауыз су құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, абоненттеу қызметтері жүргізілуде», - деді Б.Парманов.
Сонымен қатар, жеке меншіктегі электр жарығын пайдаланып отырған Асар-2 шағын ауданының тұрғындары, 2024 жылдың 2 тоқсанына дейін толығымен мемлекеттің сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады.
Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабында тұрғындардың 76 %-на сапалы электр жарығын тарту бойынша құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды жаңа жарық жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауданда 23 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, көрсеткіш 82,5% құрап отыр. Жыл соңына дейін Нұршуақ шағын ауданының 493 абонентіне табиғи газ берілсе, 2024-2025 жылдары Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына табиғи газ құбырлары жүргізілетін болады деп жоспарлануда.
Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://youtube.com/live/eZekS1eAU3Q?feature=share сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
08 Қараша 2023, Сәрсенбі
АБАЙ АУДАНЫ: ДОСТЫҚ, БОЗАРЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ІШКІ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Комментарии (0)



