ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Асар-2 шағын ауданындағы Алмаз көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.Жергілікті халық жолды кеңейту жобасының тиімсіз екенін алға тартты. Осыған дейін жоба бойынша аталған көшенің енін 60 метрге кеңейту жоспарланған болатын. Алайда қала басшысы тұрғындардың шоғырлану ерекшеліктері мен өтініш-тілектерін ескере отырып, халыққа еш зияны тимейтін шешім шығаруға уәде берді.
Қала әкімі тұрғындармен кездесу барысында жауаптыларға көтерілген мәселеге байланысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тиісті басшыларға Бас жоспар негізінде азаматтарға «қызыл» сызық аумағына енбейтініне көз жеткіздіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
22 Желтоқсан 2023, Жұма
КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ШЫМСИТИ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ 3 ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚ САЛЫНАДЫ
16 Желтоқсан 2023, Сенбі
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 8 МЫҢНАН АСА АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Комментарии (0)





