Байланысқа арналған телефондар:
» ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

10 Сәуір 2024, Сәрсенбі
2 984
0
Шымкентте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Қала тұрғындары табиғи апатқа бей-жай қарамай, халыққа көмек қолын созуда.
Қала аумағында гуманитарлық көмек бірнеше орынға жиналады. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қабылдау пункті жұмысын бастаған болатын. Ақтөбе облысының Ойыл ауданына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. Арнайы көліктер зардап шеккендерге азық-түлік, төсек-орын, киім-кешек сияқты бірінші қажеттіліктерден құралған 10 тонна жүк жеткізген.
Екінші пункт қалалық Қазақстан халқы ассамблеясында ашылды. Ассамблея өкілдері 20 тоннаға жуық гуманитарлық жүктің алғашқы партиясын Атырау облысына жөнелтті.
Бүгін Ассамблея мүшелері Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді. Сондай-ақ, шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған арнайы банк шотына қаржы аударады. Гуманитарлық көмекті жинау белсенді түрде жалғасуда.  

Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать