Байланысқа арналған телефондар:
» » ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРИЯНЫҢ АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҮЙІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРИЯНЫҢ АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҮЙІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

27 Қараша 2023, Дүйсенбі
3 066
0

Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков кәріз жүйесіндегі апаттан баспанасы қирау қаупі бар Людмила Панкратованың үйін аралап көріп, қарияға жағдайын біліп, қажетті көмек беру міндетін атқаратынын айтты.
Осы апат Қамысты көшесіндегі 60 жыл бойы пайдаланылып келген «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-іне тиесілі кәріз коллекторында болды. Бұл аумақта авариялық жағдайды жою үшін шұғыл шаралар қолданылып, кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда коллекторды жөндеу жұмысы жалғасуда, мүліктердің қалпына келтірілуі комиссиялық тәртіппен жүргізілуде.
Қала әкімі Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өкілдеріне құбырдың жарылу себептерін зерделеу және маңызды мәселелерді шешу, су жүйелерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Аудан әкіміне апаттан зардап шеккен үйді қайта салу, уақытша баспанаға жалдау шығындарын өтеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Апаттан зардап шеккен Людмила Панкратоваға қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілуде. Қала әкімінің көмегімен ол уақытша баспанамен қамтамасыз етілді және жаңа үйінің құрылысы аяқталғанша оған барлық қажетті шаралар жасалатын болады.
Қала әкімі бұл жағдайдың қайталанбауы үшін инфрақұрылымды жақсарту бағдарламаларын қайта қарауды және барлық мүлік иелерімен бірлесіп, қаланың техникалық инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмыстарды бастауды жоспарлап отыр. Бұл әрекеттер алдағы уақытта қаланың тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және ұқсас апаттардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық 
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать