ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті. Таеквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай додада абыроймен қорғап жүр. Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде қаламыздан 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия Чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан Әлем Чемпионатында да өнер көресететін болады.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






