ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ, ТРОТУАРЛАР МЕН АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ КЕСТЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырым 443 магистраль көшені санитарлық тазалауға, абаттандыруға және күтіп ұстауға 5 мердігер ұйым жұмылдырылған.Күн сайын мегаполис көшелерін тазартуға 2500 жұмысшы шығады, 150 арнайы техника жұмылдырылады. 50 адамнан құралған бригадалар қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде тазалық шараларын жүргізеді.
Күн сайын тротуарлар, суару жүйелері, қала көшелері мен қоғамдық алаңдар тазалануда. Қала көшелерін механикалық тазарту жұмыстары да кестемен атқарылады.
Магистраль көшелер маңыздылығына қарай үш санат (I санаттағы көшелер – 67 көше, II санаттағы көшелер – 157 көше, III санаттағы көшелер-219 көше) бойынша жиналады . Сондай-ақ жасыл желектер 21 ұңғыма арқылы суырылып, 20 мың шаршы метр жерге көгал егілді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






