ҮШЕМГЕ МЫРЗАХМЕТ, НҰРМАХАНБЕТ, ДІНМУХАММЕД ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ
24 жастағы жас ана Айгүл Бақытжанқызы үшемді дүниеге әкелді. Ұлдар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада туылды, салмақтары - 1580, 1640, 1610 келі. Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда қарап, арнайы ем-шараларды жасап болған соң палатаға шығарған. Бүгін дәрігерлер салмақ жинап, жағдайлары жақсарған нәрестелерді сән-салтанатымен үйлеріне шығарып салды. Қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
12 Қырқүйек 2023, Сейсенбі
Шымкенттен көпбалалы отбасы гранттың көмегімен бие сауып, қымыз сатуды кәсіп етті
Комментарии (0)





