ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Төлебай Тоғжан Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында Азия чемпионы атанып, 1 орынға ие болды. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік. Екі жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Дзюдо күресінен "Отырар" спорт клубының ашық біріншілігінде 1-орын алғаны үшін марапатталған. Ал былтырғы жылы Төлебай Тоғжан "Antalya Natik Canca International Training Camp and Judo Tournaments" турнирінде 1-орын алып, қаламыздың абыройын асқақтатты. Жуырда ғана өткен Дзюдо күресінен Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында өткен "Мини-Татами" республикалық ашық турнирінде 1-орынды иеленді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ ЗАВЕРШИЛСЯ САЛЮТОМ
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ОТШАШУМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
Шымкент жаһандық инвестициялық картада: халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңі
26 Қазан 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






