ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
«Tulip hall» көпфункционалды кешенінде Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кеште Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.Мегаполис басшысы қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұрғындарды «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарында Орынбай Рахманбердиев, Шерімқұлов Досыбай Айтбайұлы, Жандосова Баян Айтбекқызы, Қалыбекова Асма, Әбдіреев Өркен Әбдірайымұлы, Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы, Амангелдиев Момбек Әбдіәкімұлы, Оңбаев Серікбай Мейірбайұлы, Аққұлов Нұрғали Жақсыбекұлы, Тұрсынбеков Сержан Оразұлы бар.Концерттік бағдарламада әлемдік және отандық классикалық музыка қорынан, сондай-ақ отандық композиторлар Е.Хасанғалиев, Е. Шакеев, Е.Серікбаев, Қ. Сапарбаевтың үздік туындыларынан әуезді әндер шырқалды.
Мерекелік кеште Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Күзембаев, қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі, «Қаған» вокалдық-аспаптық, «Қазына» ансамбльдері және заманауи бишілер тобы өнер көрсетті.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
16 Маусым 2026, Сейсенбі
АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ
15 Маусым 2026, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






