ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің арнайы қатысуымен Шымкент қаласының бас шыршасын жағу рәсімі өтті.Салтанатты кеште «Жаңа жыл алдындағы ертегі әлемі» қойылымы сахналанып, ертегі кейіпкерлері шеру жасады. Сондай-ақ «Ертегілер» және «Новогодние игрушки» әндері орындалды.
Мерекелік кеш барысында «Астана» алаңына жиналған көрермендер Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырды. Күймемен келген басты кейіпкерлерді 40 қоян киімін киген кейіпкерлер күтіп алды. Осы сәтте қала әкімі бас шыршаның шамын жақты.Салтанатты іс-шара жалпы флешмоб биімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты. Шымкент қалалық Мәдениет үйінің әртістері қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау үшін өз өнерлерін ортаға салды. Ал бүлдіршіндер әсем безендірілген шыршаны қызықтап, айнала жүріп тақпақ айтты.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






