ҚАЛА ӘКІМІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мегаполис басшысы оқу корпустарын, сарбаздар казармасын және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Ол сондай-ақ әскери бөлімнің жауынгерлік техникасымен, қару-жарақ қорымен және оқу-материалдық базасымен танысты.
Гарнизонның жеке құрамын мерекемен құттықтаған қала әкімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызметтің мақтаныш қана емес, зор жауапкершілік артатынын, ал Отан қорғаушылар әрқашан батылдықтың, ерліктің қаһармандықтың үлгісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ бірқатар әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыстап, Қарулы Күш ардагерлерімен бірге мерекелік концертке қатысты.
Бүгінде. механикаландырылған бригада "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында ғана емес, Құрлық әскерлерінде де ірі әскери бөлім болып табылады. Мұнда жеке құрам үшін барлық жағдайлар жасалған. Жеке құрамның дайындық деңгейі және техникалық жарақтандыру тұрғысынан бригада ең үлгілісі болып саналады.

Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс
19 Мамыр 2025, Дүйсенбі
3 тысячи человек пробежали на благотворительном марафоне в Астане
05 Мамыр 2025, Дүйсенбі
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

15 Тамыз 2023, Сейсенбі
Мәскеу қауіпсіздік конференциясында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдемесі:
Комментарии (0)