Түркістан Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Түркістан: Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі Түркістан облысындағы Шақпақ Баба асуында пайдалануға берілді. Тоннельдің ұзындығы 840 метр, ені 11 метр, биіктігі 8 метрді құрайды. Тоннельде бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылып, оны нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі қарастырылған.
Тоннель жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары орналасқан. Автожол тоннелінің ашылуы алдында 100 адам мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылған оқу-жаттығулар өткізіліп, онда тоннельдің қауіпсіздік жүйелері, желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Бұл жобаның іске қосылуы өңірдегі көлік инфрақұрылымын жетілдіріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)