БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДА ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі қызметкерлері заңсыз қауын-қарбыз сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тек белгіленген орында сауда жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ағымдағы жылдың 1-10 шілде аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №2817 қаулысымен бекітілген стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурсқа өтініштер қабылданады.
Сонымен қатар, қалада белгіленген орындарда бекітілген эскиз бойынша қарбыз және қауын сатуға болады.
Қатысуға өтінімдер мына мекен жайда қабылданады: Ерімбетов көшесі 304г, «Inves Shymkent” фронт-кеңсесі
Анықтама үшін: +7 (7252) 39-11-77 және 7481 колл орталық.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






