Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркестан облысы. «Білім ақшаға сатылатын дүние ме? »

Түркестан облысы. «Білім ақшаға сатылатын дүние ме? »

03 Қазан 2024, Бейсенбі
1 625
0
Білім беру жүйесі кез келген қоғамның негізгі тірегі.  Оның сапасы мен тиімділігі қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Алайда, соңғы жылдары дәл осы білім беру саласы қатты сынға ұшырап жүр деуге болады. Негізінен білім беру мекемелерінде жемқорлықты туындататын себептер әртүрлі.  Біріншіден, осы саладағы кейбір істерге көз жұма қарау, оның ішінде жарамсыз сертификаттарды  алу, өз кезегінде оқуға түсу кезіндегі қиындықтар, стипендия, грант сияқты мәселелерді ашық қарастырмау қоғамға зиян тигізетін айқын себептер болып табылады.   Екіншіден, кейбір білім беру мекемелерінде заманауи материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіздігі педагогикалық қызметкерлердің де қосымша табыс ізденуіне итермелейді. Сонда кім кімді алдап, сан соқтырып отыр?  Дәл осы жемқорлыққа қатысты Қазақстан Республикасының Президенті   Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын бекіткен болатын.  Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтары, оның ішінде барлық сала қызметкерлері жемқорлыққа қарсы тұруға деген қоғамдық сананы қалыптастыру керек еді. Алайда, бұл пайдасын бермегені ме? .  Қарапайым ауылдық жердің өзінде қаншама жас мамандар дипломдарын құшақтап жүр, ал ақшаң болмаса сенің шынайы білім иесі деген статусың далада қалады ма?  Әлде білім деген алтын қазына тұрғанда, міндетті түрде бірер жанның ықпалы я болмаса ақшаның буы қажет пе? Мұндай көріністерді құлақ естіп үйреніпте қалды делік, ал көзбен көру тым басқа процесс екендігі сөзсіз.   Дәл осы тұрғыда Мемлекет тарапынан   жастарға қолдау ретінде ‟Дипломмен - ауылға” , ‟Жастар тәжірибесі”, ‟Жастардың кадрлық резерві” сияқты бағдарламаларда да ұсынылды.  Алайда  мұндай әлеуметтік қолдаулар жемқорлық деген олқылықтың алдын алмасақ, ешбір ауылдық жердің өркендеуіне септігін  бере қоймас. Ал бұл көріністердің ауылдық жерлерден бастау алып тұрғаны өте өкінішті. Сұрастырсаң сан сауалға, мың қиялға батасың.  Бұл жолдауларды қабылдап, іске асыруды ең алдымен білім саласындағы басшылар қолға алса, қоғамның дамуы жоғарылап, біліктілігі артар еді. Әр адам өз қара басын ойлап, бұл індетпен күреспесе, болашақтан үміт күтудің ешбір қажеті жоқ.Себебі ‟елдің ертеңі -жастардың қолында” дейміз, ал олардың білімін қаншалықты  ақшаға бағалап жатырмыз.  Өскелең ұрпақты білімді еткіміз келсе, жемқорлыққа қарсы сананы  қалыптастыруымыз керек. Ал бұл процесс қоғамымыздың болашағы жарқын болуы үшін жасалатын игі шара екендігіне күмәнім жоқ.
Тілші : Кәрімбек Динара
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать