Түркістан облысы. Білім беру мекемесінде жомқорлық азая ма?
«Білім беру мекемесінде жомқорлық азая ма?»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру – қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудің маңызды аспектілерінің бірі. Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше назар аударып, жемқорлыққа қарсы күресті ұлттық деңгейдегі басым бағыттардың бірі ретінде атап өткен болатын.
Алайда, Президентіміздің бұл жолдауы білім беру мекемелеріне қатысты емес сияқты. Мемлекет осы жемқорлықта азайтуға қанша жерден күш салғанымен. Мекеменің басшысы шешетін мәселеден бастау алған дұрыс сияқты. Атап айтар болсақ, қарапайым жұмысшының (еден жуушы) қызметін басқа қызметке ауыстыруға 1 миллион ақша сұрағанын білемін. Мемлекет жемқорлықтың алдын-алу үшін жақын арада конкурс арқылы мамандарды жұмысқа қабылдауды бастады, бірақ бұл жерде де бармақ басты, көз қысты айла шарғыларын тауып отыр. «Заңда тармақ көбейсе көбейсе, парақорда қармақ көбейедінің кебін кидік. Бұл жағдайды бәрінің көзі көріп, құлағы естіп жүр. Мемлекет басшысы бекіткен заңның белшесінен басып, қой терісін жамылған қасқырлар (парақор басшылар) өз діттегеніне жетуде. Бұл жүйе былай басталады. Жас маман болсын, тәжірибесі бар маман болсын өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп мекеме басшысы (директор) алдына кіреді. Мамандығы бойынша сағат жеткілікті (16 сағат) болса екеуара келісім осы жерде басталады. Конкурс жариялау ережелері бойынша 57 бұйрық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізеді. Бірақ сол конкурстан жеңіп беру үшін пара сұрайды. Бұл тәсіл сауатсыз мамандардың көбеюіне ықпал етуде. Бұл жүйеге білім бөлімінің тікелей қатысы бар. Сонда мемлекет қайда қарап отыр? Барлық мүмкіндікті білім бөлімі басшысымен, мектеп директоры шешетін болса? Былыққа белшеден батты деген осы емес пе? Дәл осындай жағдайлар болмас үшін не қандай шара қолдануымыз керек? Бекітілген заң қайда қалды сонда? «Ақша атаңнан қымбат, доллор досыңнан қымбат заманда» білім беру ошақтарында осындай жағдайлар орын алғаны өте өкінішті.
Осы уақытқа дейін қанша парақор ұсталып темірторға тоғытылса да, орнына екінші жемқор, парақор келіп қорықпай жұмыс жасауын тоқтатар емес. Мұндай жағдайда еліміздің әр азаматы мен азаматшасы Жаңа Қазақстанды тілдің ұшымен емес, жүректің ішімен сезіну керек. Президентіміздің жолдауында «Жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаңдату», Жемқорлыққа қатысы бар лауазымды тұлғаларға қатысты жаза қатаңдатылып, олардың жауапкершілігі арта түсуі тиіс деген. Бұл мақаламды «Ет сасыса тұз себет, тұз сасыса не себет» мақалымен түйіндегім келеді.
Тілші: Мұсабаев Сырым

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент. Қазірге таңда жастардың көпшілігі, мамандардың айтуынша, көп жағдайда түлектерде мамандық бойынша тәжірибе болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайды.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Түркістан облысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарында қарқынды қадағалау қажет.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Түркістан облысы. Қазіргі таңда қоғамның басым көпшілігі ішімдік, темекіге тәуелді болып алған.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Похожие материалы:
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Түркістан облысы. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті
28 Қараша 2023, Сейсенбі
ШЫМКЕНТ: 265 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Комментарии (0)