Түркістан облысы. Сыбайластық жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жайлы
Сыбайластық жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру
Қазіргі капитализмнің даму заманында және қоғамға дендеп кеткен сыбайластықпен күресу оңай болмай отыр. Десе де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қарқынды жүруде. Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті. Мемлекеттің дамуына, еліміздің өркендеуіне кедергі келтіріп, және мемлекеттік жобалардың жүзеге асуына тосқауыл қоятын сыбайластықпен күрес ешқашан назардан тыс қалған емес. Жемқорлықты жоюда, парақорлыққа жол бермеуде әр мемлекеттің қолданатын әдіс-амалы әртүрлі. Оның бірі қатаң жаза тағайындау арқылы кеселдің тамырына балта шабуды көздесе, келесі бірі заң арқылы тыйым салуға тырысуда. Ал Қазақстан үлгі еткен Сингапур, Швейцария, Нидерланды сияқты өркениетті елдерде сыбайлас жемқорлықпен күрес өзгеше. Бұл елдерде мемлекеттік қызметтерді барынша ашық етіп, азаматтардың парақорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға басымдық берілген.
Біздің елімізде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң құндылығын әрбіріміз сезінуіміз қажет.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл елді жұмылдыру міндеті қойылды. Өйткені, кеселді тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен ауыздықтау мүмкін емес. Мұны уақыттың өзі көрсетті. Осыған орай, әрбір құрылым сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жүйелі жоспарын жасады. Арнайы құрылымдар сыбайластықпен күресу барысында жүйелі жұмыс атқарып жатыр. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттері өңірлерде тікелей айналысатын құрылымдық мекемелер.
Қазіргі жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Себебі жастар еліміздің болашағы. Ел тізгінін ұстайтын жастар. Әрбір жас өзінің құқықтық сауатын арттыру үшін іздену керек, білім алуы маңызды. Сыбайласқан «бәке-көкенің» заманы өтті. Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам парақорлыққа жол бермейді. Адам санасында ақшаға сатып алуға болады деген түсініктен арылу қажет. Әрбір жас, әрбір адам, әрбір қазақстандық санасына өз пайдасына жұмыс жасау үшін барлығын ақша реттейді деген ойдан аулақ болса, және сол бойынша өзін тәрбиелесе құба құп.
Тілші: Бағила Райымбек

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Түркістан облысы. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті
06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
Бұдан былай жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар ақшаға қарық болып қаладыма?
Комментарии (0)