Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Ауыз су - адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

Шымкент. Ауыз су - адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

05 Қазан 2024, Сенбі
1 541
0
Ауыз су - адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар да қойылады. Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесіне тән. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруе аламыз , ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. “Су-тіршілік көзі, жердің нәрі”-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Халықтың денсаулығы ең бірінші ауыз суға байланысты болса, ал ауыл халқының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі өсірген егіні мен алған өніміне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. 

Таза ауыз су-адам денсаулығының кепілі. Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның ең өзектісі -ауыз су мәселесі болып табылады. Қазіргі уақытта ауыз су әлеуметтік, саяси, медициналық, географиялық, сонымен қатар инженерлік-экономикалық проблема болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы ретте бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрайды.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті.  

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Оның көбі – балалар. Біздің елімізде де  ауыз су проблемасы бар.

Ауыз су қазіргі елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Қарапайым халықтың су зар болып отырған билік тарапы да бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешуге барынша атсалып жатыр. Соған бір мысал бола алатын «Өңірлерді дамыту – 2020» біріңғай бағдарламасы. 2014 жылы қабылданған бұл бағдарлама арқылы талай халық үйлі болып, талай халық ауыз сумен, газбен қамтасыз етілді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать