9) Түркістан облысының транзиттік әлеуеті артып келеді
Түркістан облысының транзиттік әлеуеті артып келеді
Түркістан облысында транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақырымдық жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде, биыл оның 52,7 шақырымы пайдалануға беріледі, ал толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, Кентау қаласынан Жамбыл облысы, Созақ ауданы және Түркістан халықаралық әуежайы мен Шымкент қаласына қатынайтын айналма жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Өңірдегі жол құрылысы саласында алдағы уақытта да көптеген жобалар жүзеге асырылмақ. Мысалы, 2025-2027 жылдары Сарыағаш қаласындағы 102 шақырымдық айналма жолдың құрылысы басталмақ. Түркістан қаласында 2026-2028 жылдары 30 шақырым шығыс айналма жолы мен 48 шақырымдық Шымкент айналма жолы салынатын болады.
Түркістан облысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көліктік байланысты жақсарту тұрғысынан да маңызды рөл атқаруда. «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, ал бұл бекеттерге кіреберіс жолдарды кеңейту жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, «Дарбаза-Мақтаарал» жаңа теміржол желісін салу жобасы, Президенттің 2023 жылғы Жолдауында аталып өткен тапсырмалар негізінде жүзеге асырылуда. Бұл жоба Сарыағаш өткізу пунктінің жүктемесін азайтып, оңтүстік аудандардың экономикасын дамытуға ықпал етеді.
Облыс транзиттік әлеуетін арттыруда Түркістан халықаралық әуежайы да маңызды рөл атқарады. Әуежайда 3 халықаралық және 5 ішкі бағыт бойынша рейстер қызмет көрсетуде. Әуе тасымалы саласында да өсім байқалады: 2023 жылы жүк тасымалы 57 тонна болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 553,4 тоннаға дейін артқан.
Жалпы, Түркістан облысы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы өзінің транзиттік әлеуетін арттырып, өңірдің экономикасын дамытуға бағытталған маңызды қадамдар жасауда.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Комментарии (0)