Шымкент. Гендерлік саясат туралы сөз қозғалғанда қоғам екіге бөлінеді
Гендерлік саясат туралы сөз қозғалғанда қоғам екіге бөлінеді. Гендерлік теңдікті көбі «әйелдің билікке таласуы» деп қабылдайды. Өйткені, Хорватия, Литва, Бангладеш, Жаңа Зеландия, Словакия, Грузия, Грекия сияқты елдерді қазір әйелдер басқарады. Үкімет басқарған әйелдердің саны да аз емес. Былтыр 34 жастағы Санна Марин Финляндияның Премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл скандинав елінде сонау 1907 жылы депутаттардың 10 пайызын әйелдер құраған. Ал, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» бұл әйелдерге қоғам үрке қарайды. «Әйелі ерінен бір саты төмен тұратын отбасында береке болады» деп санайтын қоғамды бұл көзқарасы үшін жазғыруға да болмас. Дегенмен, гендерлік саясат әйелдерді билік басына әкелумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – нәзік жандылардың құқығын қорғау. Әлемнің 143 елінде ерлер мен әйелдердің теңдігіне конституциямен кепілдік беріледі. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше әлемде 193 тәуелсіз мемлекет барын ескерсек, 50 елдің мұндай заңды қабылдауға асықпай отырғанын байқаймыз. Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.
Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер- азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Халықаралық ареналарда әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Жалпы, әйел заты қазақ қоғамында қашанда ардақты саналған.
Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Оның негізгі міндеті — отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.
Тілші: Тұрсынхан Жанерке Ерлданқызы

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент. Отбасылық саясат – қоғамның тұрақтылығын, әлеуметтік-экономикалық дамуын және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бастамалар кешені.
05 Қараша 2024, Сейсенбі
Шымкент қаласы: ауыз сумен қамтамасыз ету барысы
05 Қараша 2024, Сейсенбі
Түркістан облысы: Алкогольге және шылым шегуге қарсы шаралар
05 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту еліміздегі белгілі бір белгіленген нақты бағыттарды жүзеге асыру.
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Қоғамдағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
03 Қазан 2024, Бейсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясат – бұл қоғамды дамытуда маңызды бағыттардың бірі, ол отбасының әлеуметтік, экономикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
03 Қазан 2024, Бейсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның негізі болып табылатын отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жақсарту.
Комментарии (0)