Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту еліміздегі белгілі бір белгіленген нақты бағыттарды жүзеге асыру.

Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту еліміздегі белгілі бір белгіленген нақты бағыттарды жүзеге асыру.

05 Қазан 2024, Сенбі
1 549
0
  Қазіргі таңда отбасы мәселесі  ең өзекті тақырып болып табылады. Мемлекеттің мықты болуы әр отбасының берік болуымен байланысты. Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту  еліміздегі белгілі бір белгіленген нақты бағыттарды жүзеге асыру. Бүгінде қоғамды дамытуға үлес қосуда ерлер мен әйелдердің үлесі тең дегім келеді.

 Қазір біз қоғамда әйелмен ерлердің дәрежесі тең дейміз. Бірақ қарап отырсақ, баласынан бас тартқан ана, алимент төлеуден қашқан әке. Көп балалы отбасына көмек сұраған ана, ал осы қиындықты әйел мойынына артып кеткен әке. Міне біз ерлер мен әйелдердің қоғамды дамытудағы кері әсерлерін салыстырмалы түрде айтып отырмыз. Ер де әйел де тең дәрежеде жауапкершіліктен жалтарып отыр. Біз бұл жерде ерлердің әйелдерден жауапкершілігі жоғары деп айта алмаймыз.

 Яғни саралай келген кезде екі жақ та тең дәрежеде бірдей үлес қосуда. Сондықтан ер де, әйел де өзінің жауапкершілігін сезінуі керек. Отбасылық гендерлік саясатты дамыту дегеніміз ең алдымен ердің де әйелдің де өз рөлін айқындау. Екі тарап та тең дәрежеде қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуіне, гендерлік саяси бағытты дамытуға үлес қосуы керек деп ойлаймын. Өкінішке орай, бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуда ерлердің үлесі басым. Үкімет пен Парламентте де, саяси аренада да ерлердің салмағы жоғары. Соған қарамастан нәзік жандылар да қоғамның дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазір бизнес саласында да жетістіктерге жзетіп келе жатқан әйелдер бар. Қоғамның белгілі бір бөлшегіне айналып, саяси аренада да  өзінің қажеттілігін көрсетіп жатқандары бар.

 Елімізде 2019 жылы қыркүйек айында Қазақстанның әйелдер күштері Альянсы құрылып, өз қызметін бастаған болатын. Альянсқа әйел мен баланың құқығы,  отбасылық гендерлік теңдік пен  саясатт,  әлеуметтік әрі экономикалық қоғамда әйелдер үшін ортақ  проблемалармен  айналысатын 20 үкіметтік емес ұйым кірген болатын. Одан бөлек  Альянс еліміздегі әйелдердің саяси аренадаға қызметін реттеп, гендерлік саясатты дам ытуға  жағдай жас ауға күш салуда. Сонымен қатар еліміздің әлеуетін арттыруға  кәсіпкер әйелдердің ұйымы құрылып, нәзік жандылардың әрі қарай дамуына  жыл сайын форум мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл дегеніміз еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын нәзік жандыларды жан-жақты дамытуға арналған  жұмыстардың бір ізге түскендігін аңғартады.

  Байқағанымыздай  мемлекеттік қызметте де әйелдердің үлесі артып келеді. Бұл бір жағынан ер адамдардың қызметін алып алды дегенге келмейді. Гендерлік саясаттың көздегені де осы емес пе. Ерлердің де, әйелдердің де саяси орнын теңестіру. Түйіндей келе , әйел - қоғамның тірегі. Біз бірлесіп тең дәрежеде қызмет ету арқылы қоғамды дамыта аламыз.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать