Шымкент. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.
Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие.
Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлар айқындалды. Мысалы, 2021 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандық сапалы ауыз суды қажет етті, 53 қалаға кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және салу қажет болды. Ірі қалалардың шеттерін ретке келтіру, нөсерлі кәріздерді қайта жаңғырту, «ескі кварталдарды» жаңарту және апатты тұрғын үйлерді бұзудың өзекті мәселелері де шешуді талап етті. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымының әлсіздігі экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болды. Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді. Мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, ұлттық жобалардың форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар. Күтілетін нәтижелері ұлттық жоба кестесіне сәйкес тиімділік көрсеткіштерімен өлшенетін болады. Ұлттық жобаның мақсаты – халықтың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту деп айтылды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері өмір сүру жайлылығының артуы болмақ. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Өйткені қазір «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымның барлық түрлерін жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда. Жалпы қалаларда инфрақұрылымның жағдайы жақсырақ болып танылған.Ондағы Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 16 мың км салу және реконструкциялау), қалаларда сарқынды суларды 100% тазартуға қол жеткізілетін болады, инженерлік желілердің тозуы (жылумен, сумен жабдықтау, су бұру) 55% - дан 47% - ға дейін қысқарады.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл ішінде 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың км кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік объектілер салынып, жөнделеді. Сапалы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігі 103 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру және азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін 235 мың жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету есебінен арттырылатын болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы — Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама.

06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.
06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы — Қазақстанның өңірлерін дамытуға, олардың инфрақұрылымын жақсартуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарлама.
Комментарии (0)