Шымкент. Әлеуметтік және экономикалық даму бағытындағы қызмет
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолын таңдады. Осы бағытта, 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру, мемлекеттік меншікті иеліктен шығару және жекешелендіру шаралары басталды.
Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңдері анықталды. Бірінші кезең (1991-1992 жылдар) және екінші кезең (1993-1995 жылдар) бойынша жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің отырысында қабылданып, Президент Жарлығымен бекітілді. Үшінші кезең 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды. Осыған байланысты жаңа заңдар қабылданып, реформаларды іске асыруға арналған құжаттар әзірленді. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.
1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқа мерзімді және стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын айқындайтын жолдауын жариялады. Онда елдің ішкі тұрақтылығын сақтай отырып, сыртқы саясаттағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы мемлекет дамуының жеті ұзақ мерзімді басымдығы көрсетілді. Олар: ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқатын жақсарту, энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, инфрақұрылымды, көлік пен байланысты дамыту, демократиялық кәсіби мемлекет құру.
«Қазақстан – 2030» бағдарламасын іске асыру барысында еліміз тәуелсіздік жылдарында қауіпсіздікті нығайту мен экономикалық өрлеуде айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл бағдарламаның нәтижесінде барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасалды. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика қалыптасты.
Нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің дамуына бірден жол ашқан жоқ. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиындықтар туындады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, әсіресе, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салалары біртіндеп тоқтап қалды. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті ресурстар мен қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде қаржы және ақша жүйесіндегі дағдарыстар кері әсер етті.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік жылдары Қазақстан көптеген қиыншылықтарға қарамастан, экономика мен әлеуметтік мәселелерді шешуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Әлеуметтік және экономикалық даму бағытындағы қызмет – бұл қоғамның әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін кешенді шаралар мен стратегиялар жиынтығы.

06 Қазан 2024, Жексенбі
Шымкент. Соңғы жылдары “Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр.
04 Қазан 2024, Жұма
Шымкент. Әлеуметтік және экономикалық даму – қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді үдеріс.
Комментарии (0)