Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Жастар саясаты — бұл мемлекет пен қоғамның жастардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламалар жиынтығы.

Шымкент. Жастар саясаты — бұл мемлекет пен қоғамның жастардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламалар жиынтығы.

11 Қазан 2024, Жұма
50
0
Жастар саясаты — бұл мемлекет пен қоғамның жастардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламалар жиынтығы. Жастардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстанның жастар саясатының негізгі элементі болды. Жастар саясатының басты мақсаты – жастардың әлеуетін дамыту, олардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы толыққанды қатысуына жағдай жасау. Жастар өзгерістерге бейім. Бүгінде олар инновацияны, жаңа технологияларды қолдануда алдыңғы қатарда. Жастарда сарқылмайтын энергия, жаңа идеяларды қалыптастыру қабілеті және оптимизмнің жоғары деңгейі ерекшелендіреді. Қазіргі таңада көп деген бағдарлама ашылып жатыр оның бірі жастарға арналған сайттар жәлісі,сол арқылы көп деген мәліметті талқылап және сараптап көп ой түйеді деген ойдамын. Бағдарлама жастардың жан-жақты дамуына қол жеткізудің негізгі міндеттерін қарастырады және жас қазақстандықтардың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталады. Қазір таңда елімізде түрлі тіл меңгеру, өзін-өзі дамыту орталықтары ашылып жатыр. Сондай-ақ жыл сайын студенттер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұсынған тағлымдамадан өту бағдарламасына қатыса алады.

Қазақстандағы жастар саясаты келесі бағыттарды қамтиды:

    1.    Білім беру: Жастардың сапалы білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін жетілдіру.
    2.    Жұмыспен қамту: Жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау.
    3.    Әлеуметтік қолдау: Жастарға тұрғын үй, медициналық қызметтер, әлеуметтік көмектерді қолжетімді ету.
    4.    Патриоттық тәрбие: Елге деген сүйіспеншілік, мемлекеттің дамуына үлес қосуға ынталандыру.
    5.    Мәдениет және спорт: Жастарды шығармашылық және спорттық өмірге тарту арқылы олардың физикалық және рухани дамуына ықпал ету.
    6.    Саяси қатысу: Жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуын қолдау, олардың құқықтарын қорғауға және шешімдер қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік беру.

Мемлекет бұл бағыттарды арнайы заңдармен және бағдарламалармен жүзеге асырады. Мысалы, Қазақстанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң бар, ол жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.Қазіргі таңда көп заңға бағынуға тура келеді,қазіргі таңда жастар жасап жатқан бұзақылық оқиғасы көп болып кетті,бірінші кезек соны қатаң түрде қолға алу қажет. Қазіргі жастарды қоғамға сай қылып мықтап дайындап үйретіу керек.

Тілші: Тұрсынхан Жанерке Ерлданқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Шымкент.  Жастар саясаты жайлы
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Жастар саясаты жайлы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать