Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Азаматтық құқықтың қалыптасуы Рим құқығынан басталады.

Шымкент. Азаматтық құқықтың қалыптасуы Рим құқығынан басталады.

14 Қазан 2024, Дүйсенбі
30
0
Азаматтық құқықтың қалыптасуы Рим құқығынан басталады. Рим құқығы бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жария және жеке болып бөлінеді. Жария құқық мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге қатысты қатынастарды реттесе, жеке құқық жеке мүдделермен байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы жеке құқықтың негізгі қағидаларына сүйенеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші салалардың бірі болып табылады. Басқа салалар сияқты, азаматтық құқық та Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді. Конституцияның 1-бабында біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылықтары — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені жарияланған.

Құқық салалары жүйесіндегі азаматтық құқықтың маңызы, біріншіден, реттейтін қатынастардың шешуші рөлімен; екіншіден, оның қолданылу аясымен; үшіншіден, азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғаумен тығыз байланыстылығымен анықталады. Азаматтық құқық ғылым ретінде — азаматтық құқық саласына қатысты ұғымдар, теориялар, идеялар мен пікірлердің жүйеленген жиынтығы.
Қазақстан Республикасының жалпы құқық жүйесінде азаматтық құқықтан басқа да құқық салалары, мысалы, мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік құқықтар бар. Азаматтық құқық олардан реттеу нысаны мен әдісі бойынша, сондай-ақ негізгі қағидалары арқылы ерекшеленеді. Азаматтық құқық қазіргі заманғы азаматтық заңдарда көрініс тапқан қызмет қана емес, тарихи қалыптасқан, уақытқа сай дамып отырған құқық институттарының бірі. Азаматтық құқық тұрғысынан қарастырылатын қызмет мемлекеттік және әскери қызметтен бөлек қарастырылады.

Азаматтық құқық — Қазақстан Республикасы құқық салаларының бірі. Құқық саласы ретінде ол мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қатынастарды реттейді. Күнделікті өмірде азаматтар мен заңды тұлғалар арасында түрлі қарым-қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелген жағдайда, азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Азаматтық құқық — бұл азаматтық құқық субъектілері арасында туындайтын, олардың әрқайсысының заңды мүдделерін жүзеге асыру және қоғамдағы экономикалық қатынастарды ұйымдастыру мақсатында тараптардың теңдігіне негізделген құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықтың қайнар көздері — нормативтік құқықтық актілер және азаматтық құқық нормаларын қамтитын өзге де құқықтық дереккөздер.

Азаматтық заңдардың мерзімі мен кеңістікте қолданылуы: Заң белгілі бір уақыт аралығында күшіне енеді және сол мерзімде оның күші тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша, ҚР заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер заңда басқа мерзім көрсетілмесе, 10 күннен кейін күшіне енеді. Мысалы, ҚР Азаматтық кодексі 1994 жылғы 31 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылдың наурыз айында заңды күшіне енді.

Азаматтық заңдар мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер бұл арнайы заңда көзделмесе. Сот процесуалдық әрекеттер жасаған кезде күшіне енген процессуалдық нормативтік актілерді қолданады. Азаматтық құқық ғылымы — азаматтық құқықтың маңызды мәселелеріне арналған ғылыми білімдердің жиынтығы. Азаматтық құқық ғылымының пәні мыналар болып табылады:
  • мүліктік қатынастар;
  • мүліктік емес қатынастар;
  • мүліктік емес, бірақ мүлікпен байланысты қатынастар.
Қорытындылай келе, азаматтық құқық — бір-біріне заңды бағыныштылықта болмайтын мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды рұқсат етілген әдіспен реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық пәні, әдісі, қағидалары, функциялары мен жүйесі бойынша басқа салалардан ерекшеленеді.
Қазіргі таңда елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі қиын екені белгілі. Әлеуметтанушылар жүргізген зерттеулер бойынша, ҮЕҰ қатысушыларының 24 пайызы грантсыз жұмыс істеу мүмкін емес деп есептесе, 40 пайызы үшін грантсыз жұмыс істеу өте қиын. Осыған байланысты елімізде азаматтық қоғамды жетілдіру және дамыту барысында халықаралық тәжірибені ескеру маңызды.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать