Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі.

Шымкент. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі.

20 Қараша 2024, Сәрсенбі
1 593
0
  Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. «Адам – қоғам – мемлекет» үштігінің дамуы азаматтардың өз жүріс-тұрысын жеке мүдделеріне негіздеп, әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарау санасын кемелдендіре түседі. Азаматтық қоғам деп әрбір адамның осы қоғамда дамуға және өмір сүруге құқығы барын айтуға болады. Ал азаматтық қоғамның дамуы барысында экономика саласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар мен бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ұжымдық шаруашылықтар ерікті түрде бірігіп, бәсекелестік жолына түсіп, еркін нарықтық қатынастарға кіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік салада отбасылар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекеттік емес БАҚ пен өзін-өзі басқару органдары қоғам мүддесін өркениетті жолмен ашық түрде білдіре бастайды.

  Азаматтық қоғамның дамуы эволюциялық, біртіндеп, басқа салалардағы өзгерістермен, ең алдымен, экономикалық және демократиялық реформалардың жаһандану үдерісімен және әлемдік қоғамдастықтың модернизациясымен үйлестіріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте азаматтық қоғамды қалыптастыру елдің басқа да саяси басымдықтары арасында үстемдік ете отырып, мемлекеттік саясаттың айрықша құрамдас бөлігіне айналуы керек. Азаматтық қоғам мықты болса, билігіміз нығайып, мемлекетіміз де мықты болады, солай емес пе? Азаматтық қоғамның негіздері саяси-құқықтық, экономикалық және рухани (немесе мәдени-адамгершілік) болып бөлінеді. Азаматтық қоғамды қалыптастырудың саяси-құқықтық алғышарттарын заңның үстемдігі және оның алдында барлығының теңдігі ретінде қысқаша сипаттауға болады.

  Қорытындылай келе, азаматтық қоғамның дамуы — мемлекет пен халықтың тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Азаматтық қоғам — әрбір адамның қоғамда өз орнын табуға, өз құқықтарын жүзеге асыруға және қоғамдағы әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін маңызды институт. Экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы өзгерістермен үйлесімді түрде дамып келе жатқан азаматтық қоғам мемлекеттің тиімділігін арттырып, демократиялық процестерді нығайтады. Азаматтық қоғамның мықтылығы — мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Оның дамуы заң үстемдігіне, азаматтардың құқықтарының теңдігіне және қоғамның мүдделерін ашық түрде қорғауға негізделуі керек. Мемлекет бұл процесті қолдап, азаматтық қоғамды қалыптастыруға барынша жағдай жасауы тиіс, өйткені мықты азаматтық қоғам — күшті мемлекеттің негізі.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Шымкент. Азаматтық қоғам жайлы
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам жайлы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать