Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Әлеуметтік және экономикалық мәселе қазіргі таңда ең ауқымды мәселе қатарына жатқыза аламыз.

Шымкент. Әлеуметтік және экономикалық мәселе қазіргі таңда ең ауқымды мәселе қатарына жатқыза аламыз.

25 Қазан 2024, Жұма
22
0
Әлеуметтік және экономикалық мәселе қазіргі таңда ең ауқымды мәселе қатарына жатқыза аламыз. Мысалы, Қазақстанның экономикасы бұрынғымен салыстырғанда екі-үш есе жоғарылады десек те болады. Себебі бұрынғымен салыстырғанда біз де басқа елдер сияқты өсіп, үлкен белестерден өтіп жатырмыз деп есептеймін. Экономикалық дамуға өзіндік, көбінесе автономды әсері бар.

Адам капиталы дегеніміз – алдымен өзіне, екіншіден жұмыс берушіге және үшіншіден бүкіл қоғам үшін адамға жасалған алғашқы инвестициялар мен ағымдағы шығындардан асып түсетін және басқа да пайдалы әсерлер жасауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылардың танымдық жиынтығы. Компьютерлік тәжірибе және шет тілдерін білу дағдылары, ізденімпаздық пен талапшылдық, үлкен әлеуметтік белсенділік, ыждағатты ізденістер еңбек өнімділігіне әсер ететін адами капиталдың негізгі компоненттері.

Өткен ғасырдың 70-жылдарында Батыс елдеріндегі жоғары білімнің қарқынды дамуы еңбек нарығының сұранысынан асып, экономикалық құлдырауға алып келеді деген сыншылардың қорқынышы расталмады. Білім консалтинг, заң қызметтері, қаржылық қызметтер және т.б. әлеуметтік қажеттіліктерге жауап беріп, дамыған елдердің ІЖӨ-нің біртіндеп толықтыру элементіне айналды.

Пандемия кезінде бұрын-соңды қолға алынбаған тарихи міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті адами капиталды қалыптастыратын білім беру саласының рөлі маңызды болды. Халыққа білім беру мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің бірі ғана емес, елдің экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналуы қажет. Болашақты болжау және білімнің қоғамдық дамуда атқаратын орнын анықтау арқылы ғана стратегия құруға болады.

Әлемдік ауқымда өрістеп жатқан түбегейлі экономикалық процестер адамдардың қоршаған ортаға әсерінен, цифрлы технологиялардың, биоинженерия мен жаңа материалдардың дамуынан туындаған революциялық өзгерістер қарсаңында тұр. Мамандардың айтуынша, 10 жылдан кейін қазіргі жұмыс орындарының кем дегенде 15%-ы жоғалып кетуі мүмкін. Осындай себептерден экономика салаларында пайдакүнемдік артып, еңбек мазмұнының айтарлықтай өзгеруі, жаңа мамандықтардың пайда болуы ықтималдығы өте жоғары.

Зерттеушілердің пайымдауынша, түбегейлі өзгерістер қоғамдық өмірдің басқа салаларында, соның ішінде мәдениет саласында да орын алады. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жүйелердің дамуы көбінесе адамдардың белсенділігімен анықталады. Бұл әлеуметтік ұтқырлықты арттыруды, қоғамдағы ынтымақтастықты күшейтуді талап етеді.

Осы жағдайда ұлттық бәсекеге қабілеттілік көбінесе білім беру саласындағы экономикалық саясатқа байланысты. Түптеп келгенде, әлемде білім беру жүйесі негізгі инвестициялық ресурстардың біріне айналуда.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы


Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать