Шымкент. Отбасындағы мәселелер: себептері және шешу жолдары
Отбасылық мәселе — әр қазақ отбасының басындағы ортақ проблемалардың бірі деуге болады. Көп жағдайда бұл мәселе ажырасуға дейін барып жатады, оны түсінетіндер де, түсінбейтіндер де бар емес пе. Мысалы, ажырасудың басты себептерінің бірі — тұрмыстық зорлық-зомбылық деп айтуға болады. Ерлі-зайыптылар арасындағы даулы мәселелер көбіне қажетті дүниелердің жетіспеуінен туындайды. Сондай-ақ, ажырасуға себепші факторлар мыналар болуы мүмкін:

Психологтардың пікірінше, отбасындағы жанжалдар көбіне тұрмыстық себептерге қарағанда эмоционалды-психологиялық себептерден туындайды.
Жалпы типология бойынша барлық отбасындағы түсініспеушіліктер конструктивті және деструктивті, шынайы және жалған, айқын және жасырын болып бөлінеді. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына бірнеше дағдарыстық кезеңдер де әсер етеді. Оларды төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Отбасындағы жиі кездесетін келіспеушіліктерге ата-ана мен бала арасындағы ұрыс-керіс жатады. Бұған ерлі-зайыптылар арасындағы өзара келісімнің болмауы тікелей әсер етеді. Сонымен қатар:
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы
- жұбайлардың бір-бірінің көзқарасын сыйламауы;
- көңіл бөлмеу, қамқорлықтың жетіспеуі;
- үй шаруашылығына қатысты келіспеушіліктер;
- бірге бос уақыт өткізбеу, хоббилерінің әртүрлілігі;
- туыстармен қарым-қатынастағы келіспеушіліктер;
- өз талаптарын еркін айта алмау;
- сенімсіздік пен қызғаныш.

Психологтардың пікірінше, отбасындағы жанжалдар көбіне тұрмыстық себептерге қарағанда эмоционалды-психологиялық себептерден туындайды.
Жалпы типология бойынша барлық отбасындағы түсініспеушіліктер конструктивті және деструктивті, шынайы және жалған, айқын және жасырын болып бөлінеді. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына бірнеше дағдарыстық кезеңдер де әсер етеді. Оларды төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- Бірінші кезең – отбасылық өмірдің бірінші жылында ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделуі қиындық туғызуы мүмкін.
- Екінші кезең – баланың дүниеге келуі: бала тәрбиесіне қатысты көзқарастардың әртүрлілігі де жанжалға негіз болады.
- Үшінші кезең – жұптардың бір-біріне үйренісіп, монотонды өмір салтына енуі.
- Төртінші кезең – шамамен 20-25 жыл неке өмірінен кейін туындайды, мұнда қартаю, балалардың үйден кетуі және ерлі-зайыптылардың өзін жалғыз сезінуі басты себеп болуы мүмкін.
Отбасындағы жиі кездесетін келіспеушіліктерге ата-ана мен бала арасындағы ұрыс-керіс жатады. Бұған ерлі-зайыптылар арасындағы өзара келісімнің болмауы тікелей әсер етеді. Сонымен қатар:
- балаларға қойылатын талаптардың жоғары болуы, жиі жазалау мен тыйым салу;
- балаларға көңіл бөлмеу;
- олардың қызығушылықтарын түсінбеу;
- баланың жеке кеңістігіне қол сұғу сияқты себептер баланың ата-анаға ренішін тудырады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік мәселелер қазіргі қоғамның маңызды тақырыптары болып табылады.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік мәселелер — қоғамдағы тұрақтылықты, әлеуметтік қатынастарды, экономикалық даму мен азаматтық құқықтарды анықтайтын маңызды аспектілер.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Отбасы – ең алдымен баланың өмір туралы көзқарасы қалыптасатын алғашқы ортасы.
Комментарии (0)



