Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. Пластикалық құтыдағы алкоголь өнімдерінің денсаулыққа әсері және оның алдын алу шаралары

Түркістан облысы. Пластикалық құтыдағы алкоголь өнімдерінің денсаулыққа әсері және оның алдын алу шаралары

08 Қараша 2024, Жұма
19
0
Біз Түркістан қаласын елге елеулі, халыққа қалаулы елді мекен ретінде танимыз. Оның атағы мен даңқы жоғары. Қазіргі уақытта дәл осы көрікті өңірімізде де біраз мәселелер пайда болуда. Түркістан қаласында ішімдік тұтынушылар саны артуда. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, ішіп алып рөлге отырған жүргізуші бір баланың өліміне себеп болған. Сол секілді көптеген оқыс оқиғалар тіркелуде. Ішімдікті қаншалықты қолдауға тырыссақ та, оның кері әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Жасы да, кәрісі де ішімдікті шектен тыс тұтынып жатады.

Көптеген адамдар ішімдіктің зиянын біле бермейді. Тіпті үлкендер мен жастар «түнгі дүкендердің» тұрақты клиенттеріне айналған. Қонақ күтетін кезде «пенсиядан бере қоямын» деп жеңгелер ішімдік алуға жүгіріп жүреді. Жасөспірімдер де «үй іші біліп қоймасын» деп ұнатқанын сатып алады. Салықтан жалтарған сатушылар бастапқыда тек ішімдік сатумен айналысса, қазір өнім түрлерін көбейткен. Тіпті кейбіреулер жанармай да сатады, қосымша табыс қажет болғандықтан бұл істі жалғастырып отыр.
Елімізде әрбір үшінші шөлмек арақ контрафактілік жолмен өндіріледі екен. Мұны алкоголь өнімдерін өндірушілер қауымдастығының мамандары растайды. Олар заңсыз дайындалатын өнімдердің азаймай тұрғанын, салдарынан ішімдіктен көз жұмғандар санының жоғары екенін атап өтуде.
Қазақстанда пандемия кезінде алкоголь өнімдерін тұтыну біршама азайды. Індет басталған алғашқы екі айда ішімдікті сату көлемі 25-30 пайызға төмендеген. Дегенмен елде контрафактілік өнімдер азаймай тұр. Астыртын цехтарда жасалатын арзан, сапасыз арақты ішіп, уланғандар саны күрт өсіп, көлеңкелі саудадағы арақ көлемі екі есеге артқан. Бұл жағдай акциздік салықтың ұлғаюымен байланыстырылады.
Қазақстанда көлеңкедегі арақтың көлемі жылдан-жылға көбейіп келеді. 2010-2012 жылдарға қарағанда көлеңкедегі арақтың көлемі екі есе артты. Негізгі себеп – акциздік салықтың өсуі. Отандық дәрігерлер пластик ыдысқа құйылған арақты тұтынудың денсаулыққа аса қауіпті екенін айтады. Оның қандай сумен жасалғаны, оның тазалығы мен спирттің құрамы белгісіз. Кезінде Қытайдан келген метил спиртінен уланған адамдар көру қабілетінен айырылған кездер болған. Сондықтан қолдан жасалған арақ адам өмірі үшін өте қауіпті.
Қазақстанда арақ-шарапты пластикалық құтыларға құюға рұқсат жоқ. Себебі, пластикалық бөтелкеге құйылған спирт пен пластик реакцияға түскенде, адам денсаулығына зиянды улы заттар бөлінеді. Егер бөтелке ыстық жерде тұрса, оның қауіптілігі 10-20 есеге күшейеді.
Алкоголь эмоционалды босаңсудың, еркінсудің алғышарты іспетті. Жалпы алғанда, ол жайлы, ыңғайлы сезімдер тудырады. Оны жиі пайдалану арқылы адам жайлы жағдай мен ішімдікті пайдалану арасында байланыс орнатып алады. Келе-келе адам босаңсуды және жан рахатын алкогольден іздеп, оған тәуелді болып кетеді.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы


Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать