Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте жыл соңына дейін 1270 азаматқа пәтер беріледі.

Шымкентте жыл соңына дейін 1270 азаматқа пәтер беріледі.

12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
74
0
Шымкентте жыл соңына дейін 1270 азаматқа пәтер беріледі.
     Биыл 978 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға өсті. Жыл соңына дейін көрсеткішті 1 миллион 360 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Дегенмен халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік өзекті болып тұр. Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 51 мыңнан асты. Мәселені шешу үшін 4 830 пәтерлі 92 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2 094 пәтерлі 55 тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деді әкім. Ол сондай-ақ жұмысшы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 604 пәтер сатып алу қарастырылып, бүгінде оның 1 240-ы алынғанын айтты.

     Жергілікті «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасына бөлінетін қаржыны 2 есеге арттырып, кемінде 400 отбасыға жеңілдетілген несиелер беруге 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек ретінде табыс деңгейі төмен 392 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілді, - деді ол.
Одан бөлек, Ғабит Сыздықбеков «Отбасы банктің» тұрғын үй бағдарламалары арқылы 1 666 азаматты кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделгенін жеткізді.
Жалпы есепті кезеңге 2 004 азамат әлеуметтік тұрғын үймен қамтылып, жыл соңына дейін қосымша 1 270 пәтер беріледі, - деді ол.
     Тұрғын үй баскармасының және
кұрылыс басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында жеке салымшылар есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан тұргын үй нысандарын аралап, дайындығын тексерді. Қазіргі таңда, «Bau House», «Адия» «Union» тұрғын үй кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға жуық орындалған. Аталған тұрғын үйлердің қурылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айына дейін толық аяқтау жоспарланған. Құрылыс басқармасы басшының орынбасары жауаптыларға сатып алынатын тұрғын үйлердің сапасы бекітілген талапқа сәйкес келу қажет екендігін ескертіп, құрылыстың сапасына баса назар аудару қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар, 2023 жылы жұмыс жасайтын
жастарға сатып алыңған «Қарлығаш» және «Интегра» тұрғын үй кешендерінде анықталган кемшіліктердің қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстарды тексеріп, мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.
     Айта кетейік, әкімдік тарапынан ағымдағы жылы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін жұмыс жасайтын жастарға нарықтан 900 пәтер, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтер сатып алыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.
     Шымкентте реновация бағдарламасы аясында 22 отбасы қоныс тойын тойлап, жаңа баспанаға көшті. Бағдарлама қатысушыларына «Шымкент сити» шағынауданынан жаңа әрлеудегі үй берілді.
     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзу және иелеріне жаңа пәтер беру кезделген. Осы бағытта Шымкентте кала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша тұргын үй корын жаңарту бағдарламасы қолға алынған. 
     Бұл жоба Шымкент ӘКК сүйемелдеуімен жүзеге асырылады және оны инвестордың есебінен толығымен қаржыландырады. Жалпы мегаполистегі 2000-нан астам көпқабатты үйдің 70%-дан астамы 50 жылдан асқан. Қазіргі таңда 134 апатты жағдайдағы үй тіркелген. Мұндай үйлер тұрғындардың өміріне, сондай-ақ қоршаған инфрақұрылымға қауіп төндіреді.
Бағдарлама аясында әлімбетов 34 мекенжайында орналасқан бір тұрғын үй бұзылатын нысандар тізіміне енгізілді. Бұл ғимарат шамамен бір ғасыр бұрын салынған және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.
  Апатты уйдің тұрғындары жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері тең, пәтерлер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтерлер алдыңғы пәтерлерден орташа есеппен 20 шаршы метрге кең, ал тұрғындар бұл үшін қосымша төлем жасамайды. Барлық пәтерлер таза әрлеумен беріледі. Реновация бағдарламасы тек турғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың, заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыруға,
экологиялық, жағдайды жақсартуға және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
     Қорытындылай келе, Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында маңызды шаралар қабылдануда. Биыл 978 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 миллион 360 мың шаршы метрге жетеді деп жоспарланған. Жергілікті «Қамқор» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер мен тұрғын үй сертификаттары берілуі, сондай-ақ «Отбасы банк» бағдарламасы арқылы 1 666 азаматты кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделуде.
     Құрылыс саласында да ауқымды жұмыстар атқарылып, «Bau House», «Адия», «Union» тұрғын үй кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, қаладағы апатты үйлерді жаңарту бойынша реновация бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның арқасында апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа әрі сапалы пәтерлерге көшіп, қаладағы инфрақұрылым да жаңартылуда. Бұл шаралар Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған және қаланың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізуде.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать