Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласында қазіргі таңда автомобиль жолдарын бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Шымкент қаласында қазіргі таңда автомобиль жолдарын бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
44
0
Шымкент қаласында қазіргі таңда автомобиль жолдарын бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа зерттеу түрі қала жолдары мен нысандарының техникалық жағдайын талдауға, оларды паспортизациялау мен диагностикадан өткізуге, әрі бұл мәліметтерді жол деректерінің электрондық базасына енгізуге мүмкіндік береді.

     Шымкент қаласында мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жолдың құрылыс сапасын бақылау және жақсарту мақсатында Шымкент қаласының автомобиль жолдарын кешенді тексеру және техникалық есепке алу, жол мәліметтерінің электронды базасын құру және жолды бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3897 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта қалада Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші, үшінші және төртінші кезеңдер аяқталып, пайдалануға берілді, ал екінші және бесінші, алтыншы кезеңдердің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмыстары да аяқталып, жақын арада автокөлік қозғалысына ашылады. 
     Қала әкімі А-2 айналма жолын қайта құру барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар сегіз кезеңнен тұрады. Оның ішінде бірінші, екінші және үшінші, төртінші кезеңдері аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл сегізінші кезеңін аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Ал бесінші, алтыншы және жетінші кезеңдер келесі жылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, Байдібек би даңғылындағы жол қозғалысын оңтайландыру және кептелістерді азайту мақсатында биыл Алтынсарин көшесін қайта құру және Сареми, Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа қоныс, Изенді көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа зерттеу түрі қала жолдары мен нысандарының техникалық жағдайын талдауға, оларды паспортизациялау мен диагностикадан өткізуге, әрі бұл мәліметтерді жол деректерінің электрондық базасына енгізуге мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарын паспортизациялау жол құрылыстарының ұзындығы мен техникалық сипаттамалары, инженерлік жабдықтар мен жол жағдайы туралы объективті мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі.
     Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығында атқарылып жатқан жұмыстарын тексерді. Әңгіме барысында мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын қатаң құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Барлық бағыттағы жұмысты жеделдетуді және жөндеу жұмыстары жол қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Автомобиль кептелісін азайту мақсатында, транспорт және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды жүктеді. Сонымен қатар, жол құрылысы саласын цифрландыру барысымен танысып, жылжымалы жол зертханасының жұмысын көрді. 
     Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалада автомобиль жолдарын кешенді тексеру, техникалық есепке алу, температура мен ылғалдылық мониторингін жүргізу арқылы жолды басқару жүйесін жетілдіру және сапасын арттыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жаңа зерттеу түрі жол мен нысандардың техникалық жай-күйін талдауға, олардың паспорттауын жүргізуге және электронды жол базасына енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, “Жаңаталап” шағынауданындағы жаңа көпір құрылысы мен Бадам өзенінің жағасын бекіту жұмыстарының да барысын пысықтады. Әрі қарай Абай атындағы саябақ, “Аналар аллеясы”, Рысқұлбеков, Мәделі қожа, Жандосов, Шаяхметов, Ерімбетов және Жәнібеков көшелеріндегі жаяу жүргінші жолының, көше жарығының жай-күйін және тазалығын тексерді. Сондай-ақ, Жібек жолы мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы және 17-шағынаудандағы скверлер құрылысын бақылады. Жаяу аралау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жауаптыларға қоқысты жинау мен шығару бойынша бақылауды күшейту және шымкенттік арнаның уақытылы сумен толтырылуын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.
     Қорытындылай келе, Шымкент қаласының әкімі  Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жолдарды кешенді тексеру, диагностикадан өткізу және жол деректерінің электрондық базасын құру жобасы жүзеге асырылып, жол құрылымдарының сапасын бақылау жүйесі енгізілуде. Қаладағы негізгі даңғылдар мен көшелердің қайта құру, жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, А-2 айналма жолының сегіз кезеңнен тұратын құрылыс жобасы мен Байдібек би даңғылындағы жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстары да аяқталуға жақын. 
     Сонымен қатар, жаңа зерттеу әдістері мен жылжымалы жол зертханасының енгізілуі жолдардың техникалық жағдайын бақылап, оларды паспортизациялау және электронды түрде сақтау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать