БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады.
Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды.
Қала басшысы аудан әкіміне жаңа нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал тиісті басқарма басшысына жүріп-тұруы қиын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, қазір «Бекжан» базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын. Өндірістік кестеге сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Қала әкімі тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы өтуін қамтамасыз ететін жерасты өткелін салу жобасын сәтті аяқтады. Бұл жерасты жаяу жүргіншілер өткелі қаланың екі жағын байланыстырып, жаяу жүргіншілердің қозғалысын жеңілдетіп, жол деңгейіндегі қауіпсіздікті арттырады. Инфрақұрылымдық ыңғайлылыққа жарықтандыру, қауіпсіздік жүйелері және көшуді тартымды және ыңғайлы ету үшін архитектуралық дизайн кіреді. Бұл жоба жол қозғалысы проблемаларын азайтуға, жол жүру уақытын қысқартуға және жаяу жүргіншілер үшін кеңістік құруға, белсенді қала құрылысы саясатын алға жылжытуға және қалалық ортаның сапасын жақсартуға көмектеседі.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)