ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ДАМУЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛЫП ОТЫР

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
– Білім беру саласы – басым бағыттарымыздың бірі. Соңғы 4 жылда 66 мың орындық 101 мектеп пайдалануға берілді. Оның 80 пайызы жеке инвесторлар есебінен. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Қаладағы 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, – дейді Ғ.Сыздықбеков.
Президент тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда 12 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса биыл қалада 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілген болса, бүгінде «Тұран» шағын ауданында 500 орындық тағы бір оқушылар сарайы салынуда.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Сондай-ақ, қала әкімі брифинг басында халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Ғ.Сыздықбековтің айтуынша, Шымкентте 51 мыңнан астам азамат әлеуметтік, тағы 175 мыңға жуық азамат кредиттік тұрғын үй кезегінде тұр. Осы мәселені шешу үшін 4 мың пәтерлі 100 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр екен.
– Жұмысшы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына биыл 1 мыңнан астам пәтер береміз. Оған қоса 201 азаматқа 1 миллион теңгеден қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттары табысталды. Әлеуметтік тұрғын үй алушылар санатына енбейтін азаматтар да назардан тыс қалмайды. Жергілікті «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы аясында 150 отбасыға жеңілдетілген несиелер берілді Бұл бағдарлама алдағы жылдары даөз жалғасын табады, – деді Ғабит Әбдімажитұлы.
Оның айтуынша, жалпы Шымкентте жыл соңына дейін 1 миллион 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:

09 Қырқүйек 2023, Сенбі
Жекеменшік мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі талқыланды
Комментарии (0)