Биыл Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 5 жыл толды.
Биыл Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 5 жыл толды. Осыдан бес — алты жыл бұрын қала аумағына инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі төмен 40-тан астам шалғай елді мекен қосылған. Одан бөлек, қаланың қажеттілігіне жетіспейтін инфрақұрылым, қоғамдық көлік мәселелері өзекті болатын, қазір бұл сұрақтар біршама шешімін тапты.
Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті. Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйалаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан.
Шымкент еліміздің басты үш шаһарының бірі. Мұнда қазіргі таңда 1 милион 200 мыңнан астам адам өмір сүруде. Экономикалық өсімі Қазақстанның қуатты елге айналуына өз септігін тигізетін республикалық маңызы бар қалалар қатарына енеді. Мұнда кәсіпкерлікпен айналысу үшін Ұлттық экономиканың үдерістерінің сүзгісінен бірнешерет реформалардан өткен. Шымкент қаласының дамуы оның туризмге экономикалық өсімінің жоғарлауына өз әсерін тигізеді. Сондықтанда республикалық маңызы бар қалалар қатарындағы айрықша көңіл бөлінетін ең ірі аглемерациялы қалалардың қатарында. Шымкент қаласының басты жоспарына өзгерістер енгізілу барысында тұрғындарға экономикалық ерекшеліктер мен қаламыздың даму көрсеткіштері есепке алынған болатын. Президентіміз атап айтқандай Шымкент Оңтүстіктің бетке ұстар, экономикасы мықты қалаға айналуы тиіс. Бұл жолда мемлекеттік бағдарламалар өз дәрежесінде қызмет етіп отыр. Яғни, қаламызда, 2021-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары халықтың әл – ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың тұрақты моделін құру жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады. Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша Ұлт жоспарын іске асыруды, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалды: -инфляция деңгейін 3,0-4,0% — ға дейін кезең-кезеңмен төмендете отырып, тұрақты ақша-кредит саясаты арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылықты, баға келісімдерін және жосықсыз бәсекелестікті құру мүмкіндігін жою; ынталандырушы салық саясатымен, бюджеттік шығыстарды оңтайландырумен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, аумағы 42 гектарды құрайтын Шымсити шағын ауданында жаңа саябақ құрылысын басталды. Тиімді және нәтижелі жұмыс жасау үшін халықпен кері байланыс өте маңызды. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 3 176 жобаға 7,9 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан басқа, мемлекеттік бағдарламадан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда.
Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Одан басқа бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады.
Сондай-ақ іс-шара аясында өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі — 1-ші жыл 75%, 2-ші жыл 50%, 3-ші жыл 25%.
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге, оның ішінде жыл басынан 5 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілер саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы
08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)