Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ көшпелі баспасөз брифингі өтті

4) ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ көшпелі баспасөз брифингі өтті

24 Қантар 2025, Жұма
1 519
0
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ көшпелі баспасөз брифингі өтті

  2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанына орай Шымкентте техникалық және кәсіби білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты қалада арнайы өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді, ол жеті негізгі бағытты қамтиды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің айтуынша, жоспардың басты мақсаты – жұмысшы кадрларды даярлау, жастарды кәсібилікке баулу және жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру.

Жоспар бойынша алты бөлімде 59 іс-шара қарастырылған:
1.Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы шаралар,
2.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту,
3.Кадр даярлау жүйесін жетілдіру,
4.Жұмыс берушілердің қатысуын кеңейту,
5.Жұмысшы мамандықтарының имиджін арттыру,
6.Жастардың әлеуметтік белсенділігін көтеру.
  Шымкенттегі 39 колледжде 49 780 студент білім алуда, оның ішінде мемлекеттік колледждерде 16 957, жекеменшік колледждерде 32 823 студент бар. 2024-2025 оқу жылына 6 000 республикалық және 5 500 жергілікті бюджеттен грант бөлініп, жұмысшы мамандықтарына ерекше басымдық берілген. Бұл шаралар жастарды еңбекқорлыққа, кәсібилікке және өз болашағын құруға ынталандыруға бағытталған.
  Сәрсен Абайұлы атап өткендей, бұл бастама жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, жастардың қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен ықпал етеді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать