Байланысқа арналған телефондар:
» » Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

13 Желтоқсан 2024, Жұма
46
0
2023 жылғы 1 шілдеде қаладағы халық саны 1205,9 мың адамды құрады. Экономикалық өсімі Қазақстанның қуатты елге айналуына өз септігін тигізетін республикалық маңызы бар қалалар қатарына енеді. Шымкент қаласындағы әлеуметтік және экономикалық даму бағытындағы қызмет — бұл қаладағы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жиынтығы. Шымкент — Қазақстанның үшінші ірі қаласы, Оңтүстік Қазақстанның экономикалық, мәдени және әлеуметтік орталығы болып табылады. Сондықтан қалада әлеуметтік және экономикалық дамуға ерекше назар аударылып келеді. Шымкентте жаңа ауруханалар мен медициналық орталықтар салу, ескі медициналық мекемелерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, соңғы жылдары бірнеше заманауи медициналық орталықтар мен ауруханалар ашылды. Қаладағы емханалар мен ауруханалар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде, бұл қызметтердің сапасын жақсартуға және денсаулық сақтау саласын жаңартуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының экономикасы өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке негізделген. Шымкентте химия, құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп сияқты салалар дамып келеді. Өнеркәсіптік өндіріс артып, қала экономикасының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Кәсіпкерлікті дамыту Шымкентте түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Әсіресе, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдікті несиелер, субсидиялар берілуде. Сонымен қатар, 
Шымкентте индустриалды аймақтар құрылып, инвесторлар тартылуда. Бұл аймақтарда жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылады, бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Шымкенттің экономикалық дамуы инфрақұрылымдық жаңғыртумен тығыз байланысты. Қалада автожолдар, теміржол және әуе қатынасы дамып келеді. Қалада жаңа жолдар салу, ескі жолдарды жөндеу және қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Су және энергия үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ жаңартылған энергия көздерін пайдалану бағытында жобалар жүзеге асырылуда. Шымкент — Оңтүстік Қазақстанның маңызды сауда орталығы мен базарлар құрылуда. Бұл кәсіпкерлік және сауда саласындағы бәсекелестікті арттырады.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осы міндеттердің шеңберінде реформалар жасалып, бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Өткен жылдан бастап Мемлекет Басшысының Жарлығымен  әкімдердің халықпен кездесу өткізу тәртібі өзгерді. Осы орайда, тоқсанына 1 рет қаладағы 5 аудан тұрғындарымен кездесудің желілік кестесі бекітілді.  Биылғы жылдың 5 айында қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 70 кездесу өткізілді. Сонымен қатар, әкімнің жеке қабылдауы барлық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен күні бойы «ашық есік»форматтында өтуде. Халықты толғандыратын әрбір сұрақтарды бақылауға қойып, жоспар енгізілген. Жыл басынан бері қала әкімі 6 жеке қабылдау өткізіп, 629 адам қабылдады. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша 322-і тапсырма беріліп, оның 224-і шешімін тапса, қалғандары заң талаптарына сәйкес қаралуда. Одан басқа, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді соңына дейін орындалуына қол жеткізу, ашық және тиімді жұмыс жасау үшін әр елді мекеннен белсенді азаматтардың бақылауында. Бұл тәжірибе халықпен кері байланысты күшейтіп, қазірдің өзінде жақсы жағынан көрсетіп отыр.

Шымкенттің географиялық орналасуы сауда және логистика саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Қалада логистикалық орталықтар мен қоймалар құрылып, халықаралық тасымал мен жеткізу желілері дамуда. Қалада экономиканың барлық салаларында инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Шымкентке ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімдігі кәсіпкерлер мен инвесторларға жеңілдік пен қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнестің дамуына арналған жеңілдіктер мен субсидиялар беріледі. Бұл кәсіпкерлердің қызметін ынталандырып, экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Қорытындылай келе,  Шымкент қаласының әлеуметтік және экономикалық даму бағытындағы қызметі қала халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканы әртараптандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Қалада білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сияқты әлеуметтік-экономикалық салаларда оң өзгерістер байқалады. Мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобалар қаланың тұрақты дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать