Арнайы операциялар күштері бөлімшесінің жауынгерлік әлеуеті артады
Арнайы операциялар күштері бөлімшесінің жауынгерлік әлеуеті артады
Шымкент гарнизонында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Арнайы операциялар күштері бөлімшесіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды шараларға қатысты. Жауынгерлердің рухын көтеретін, қолында қыран бүркіт ұстаған арнайы жасақ жауынгері бейнеленген монументтің ашылуы өтті. Ескерткіш тұғырына "Біздің күшіміз – бірлікте" деген ұран жазылған.
Министр 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Ұлықбек Саққа жаңа Жауынгерлік ту тапсырды. Бұл тудың жауынгерлердің ар-намысы мен абыройын, даңқын және жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейтіні атап өтілді. Министр сөзінде жауынгерлерді ата-баба өсиетіне адал болуға, Арнайы операциялар күштері жауынгері атағын мақтан тұтуға шақырды.
Бөлімнің басқару органының жаңа модульдік ғимаратының ашылуы да осы сапар барысында жүзеге асты. Министр штабтың жаңа ғимаратындағы және жаңартылған тұрғын үй қорындағы жағдаймен танысты.
Тактикалық қалашықта және оқу-жаттығу кешенінде арнайы жасақтардың практикалық сабақтарын бақылады. Ғимаратты тазарту, көлікке шабуыл жасау, жаралыларды эвакуациялау сияқты әскери операциялар көрсетілді. Әуе-десанттық дайындық элементтері мен жұмылдыру резервіне арналған сабақтар өтті. Офицерлер күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдау дағдыларын психологиялық кедергілерді еңсеру жаттығуларында шыңдады.
Қорғаныс министрі бөлімнің жауынгерлік даярлығын бағалап, мемлекет мүдделерін қорғау және қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі күрделі тапсырмаларды орындауға дайын болу үшін бөлімшенің жауынгерлік әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
5) Тоқаев Шымкентте заңсыз салынған үйлерді бұзуға қатысты пікір білдірді
29 Қантар 2025, Сәрсенбі
5) Тоқаев Шымкентте заңсыз салынған үйлерді бұзуға қатысты пікір білдірді
29 Қантар 2025, Сәрсенбі
4) Өзбек компаниясы Түркістан облысында бірнеше кәсіпорын ашады
29 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
23 Қантар 2025, Бейсенбі
Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Түркістан облысында 35748 әскери бөлімінің жеке құрамымен бақылау сабақтары өтуде: Әскери даярлықтың маңыздылығы артуда
15 Тамыз 2023, Сейсенбі
Мәскеу қауіпсіздік конференциясында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдемесі:
Комментарии (0)