Байланысқа арналған телефондар:
» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ: ЕЛ САУЛЫҒЫН КӨЗДЕЙТІН ТЫҢ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ: ЕЛ САУЛЫҒЫН КӨЗДЕЙТІН ТЫҢ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ

16 Желтоқсан 2023, Сенбі
1 652
0
Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 74,4 жасқа жетті. Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік жағдайы, халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді. Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. 
Қазіргі таңда, қалада амбулаторлық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның 14-і мемлекеттік емхана және 39-ы жекеменшік медициналық ұйым. 
Соңғы үш жылда шаһарда жаңадан 17 жаңа емхана ашылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарды және тұрғындар үшін дәрігерлік көмек алудың қол жетімділігі артты. Биыл қаладағы 4 емхана базасында ашылған «Үздік тәжірибелер орталығы» халық пен дәрігерлердің арасындағы байланысты күшейтті. Скрингтік тексерулер – аурудың алдын алудың бірден бір жолы десек, бұл өлім-жітімге соқтыратын қауіпті аурулардың алдын алуда маңызы өте жоғары.   
2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаладағы медициналық ұйымдардағы скринингтік зерттеулер өз деңгейінде орындалып келеді. Айталық, қан айналым жүйесінің аурулары бойынша 97,3 %-ға, қант диабеті бойынша 99,0 %-ға, глаукома бойынша 99,9 %-ға, жатыр мойны обыры бойынша 93,7 %-ға, сүт безі обыры бойынша 91,6 %-ға, тоқ ішек бойынша 93,5 %-ға орындалған.
Елімізде денсаулық сақтау саласында халық денсаулығы мен медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған тың жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру және процестерді оңтайландыру медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырды.
Негізгі жобалардың бірі – бюрократиялық процестерді азайтатын, диагностикалық дәлдікті арттыратын және медициналық көмек көрсетуді үйлестіруді жақсартатын электронды денсаулық картасын енгізу. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жан-жақты науқандар мен тұрақты медициналық тексерулерді қамтитын аурулардың алдын алу бағдарламалары енгізілді.
Жаңа медициналық орталықтар мен емханалар жоғары дәлдікпен диагностика мен емдеуді қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Медициналық қызметкерлер үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтерін өткізу біліктілікті арттыруға ықпал етеді және медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау саласындағы мұндай инновациялар халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде еліміздің тұрақты дамуына ықпал етеді.

 
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать