Байланысқа арналған телефондар:
» » Мегаполисте әлі күнге дейін суды тасымалдап ішетін елді мекендер бар.

Мегаполисте әлі күнге дейін суды тасымалдап ішетін елді мекендер бар.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
47
0
Мегаполисте әлі күнге дейін суды тасымалдап ішетін елді мекендер бар. Қала аумағындағы 81 елді мекеннің 69-ы суды орталықтандырылған құбырдан ішеді. 5 елді мекенде су кестемен берілсе, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді.
Шымкенттіктерге ауыз су 5 су көзінен беріледі. Мамандар су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп екендігін айтып отыр. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады. Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Бұл су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекендегі проблеманы шешеді.  
2022-2023 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі деген жоспар бар.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын. Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген. Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елді мекен кестемен (Құрсай) қамтамасыз етілуде. 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2- кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аймақтарында ауыз су жүйесінің қүрылысы аяқталған. Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды.

Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеп, тіпті «Қайғысыз қара суға да семіреді», «Судың да сұрауы бар» деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген. Тіршілік тізбегіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың да қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Себебі отыз күн Оразада күні бойы нәр татпай жүретін адамдар ауызашар сәтінде алпыс екі тамырына ағылған судың сылдыры естіліп, дәмі сезілетінін айтады. Қара судың қадірі қалалықтар үшін де маңызды. Әсіресе қабат үйде тұратындар тіршілік көзінің тоқтамауын тілейді. Дегенмен астаналық деген аты болмаса, ауылдағыдай күн кешіп, ауыз суды тасып ішіп отырғандар елордада да аз емес. Ауыз су мәселесінде ауыз толтырып айтар жаңалықтар бар ма? Соған тоқталып көрсек.Осы орайда шаһарымыз Шымкентте биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл туралы Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов айтты. Ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап беріледі. Халықты ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, тіршілік нәрінің тәулік бойы үздіксіз берілуі үшін Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, өткен осы жылы қаңтар айында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған екен. –Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биыл 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Яғни, жұмыстың шамамен 47 пайызы орындалды деген сөз. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған, – деді Арман Әбдімүтәліұлы. Бүгінде Сайрам елді мекенін ауызсумен қамту бойынша құрылыстың 3-ші кезеңі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ пен Құрсай елді мекендерінде ауызсу тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать